Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту

  Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 6-тарауында салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту бойынша нормалар көзделгенін хабарлайды. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту деп Салық кодексінде белгіленген оларды төлеу мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не  салық берешегін өтеу мерзімдерін ұзарту танылады. Осы тармақтың ережелері айыппұлдар сомасына қатысты қолданылмайды.

Салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту және (немесе) төлем төлеу бойынша салық төлеуші табыс етілген салық есептілігіне сәйкес есептеген, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салық органы есептеген салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, бөліп-бөліп төлеу нысанында жүргізіледі.

          Салықтарды бір мезгілде төлей отырып, салықтарды төлеу мерзімін алты айға дейінгі мерзімге ауыстыруға мүмкіндік беретін кейінге қалдыру, салықтардың және (немесе) төлемдердің сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып бөліп төлеу үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі  (Салық кодексінің 51-баптың 1-тармағы).

          Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу бір немесе бірнеше салықтар және (немесе) төлемдер бойынша берілуі мүмкін.

          Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімі салықтың және (немесе) төлемақының төленуге жататын барлық сомасына не оның бір бөлігіне қатысты өзгертілуі мұмкін.

         Көрсетілген мақсаттар үшін төлемақы деп жер учаскелерін пайдаланғаны, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақылар түсініледі (Салық кодексінің 49-баптың 1-тармағы).

        Сондай-ақ салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу қаржылық жағдайы салықтарды және (немесе) төлемді белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін салық төлеушіге берілуі мүмкін екендігіне Сіздің назарыңызды аударамыз, алайда оларды төлеу мұмкіндігі кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар.

         Өз кезегінде салық төлеушіге салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге мүмкіндік беретін жеті негіз көзделген (Салық кодексінің 51-баптың 2-тармағы).

         Бұдан басқа, осы қызметті көрсету кезінде «Бір Терезе» қағидатын енгізу жолымен кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну рәсімі оңайлатылды. Мәселен, кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органы не салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу орны бойынша Мемлекеттік кіріс органы кабылдайды (Салық кодексінің 50-бабы).

        Сонымен бірге Салық кодексінің нормалары салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның салық төлеушілігіне және (немесе) банк кепілдігімен салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша  салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуді көздейді (Салық кодексінің 49-баптың 5-тармағы).

         Мүліктік кепіл шарты салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы өтінішті табыс еткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады (Салық кодексінің 52-бабы).

         Банк кепілдігіне байланысты банкте (кепілгерде) салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды, бөліп төлеуді ұсыну шарттарын бұзған жағдайда, салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемесін орындау бойынша міндет туындайды (Салық кодексінің 53-баптың 1-тармағы).

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

13 пікір

  1. аватар
    Kayleigh 13 января 2024 10:23

    Hello there, I found your website by the use of Google at the same time as searching for
    a comparable matter, your web site got here up, it looks good.
    I have bookmarked it in my google bookmarks.

    Hi there, just turned into aware of your blog via Google, and
    found that it's truly informative. I am going to watch out for brussels.
    I will appreciate if you proceed this in future. Lots of people will likely be benefited out of your writing.

    Cheers!

    Feel free to visit my page achat de asacol en Espagne en ligne

  2. аватар
    Margery 4 февраля 2024 12:40

    You are so interesting! I don't believe I've truly read a single thing like
    this before. So good to find someone with a few original thoughts on this topic.

    Seriously.. thank you for starting this up.
    This website is one thing that's needed on the internet,
    someone with a bit of originality!

    Also visit my web-site: Kauf von tromboliz als Schlafmittel

  3. аватар
    Vida 8 февраля 2024 20:11

    I've been surfing online more than 3 hours today, yet
    I never found any interesting article like yours. It is
    pretty worth enough for me. In my opinion, if all website
    owners and bloggers made good content as you did, the net will be a lot more useful than ever before.



    My webpage :: Bev

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив