Отбасы банк моноқалалардың тұрғындары үшін жеңілдетілген ипотека дайындауда - Айдар Әріпханов

Отбасы банк моноқалалардың тұрғындары үшін жеңілдетілген ипотека дайындауда - Айдар Әріпханов

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» АҚ даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлеуде. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Холдинг Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов хабарлады. 

Оның айтуынша, бұл ипотеканың шарттары мынадай: бастапқы жарна - 10%, сыйақы мөлшерлемесі 5%-ға дейін, кредит мерзімі - 20 жылға дейін. 

- Қазіргі уақытта, бағдарламаның негізгі параметрлерін мемлекеттік органдармен келісудеміз. Алдын ала есептеулер бойынша бұл мақсаттарға 2022-2025 жылдары республикалық бюджеттен жыл сайын шамамен 11 млрд теңге бөлу қажет. Өнім 2022 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылмақшы, - деп түсіндірді Айдар Әріпханов. 

«Бәйтерек» холдингінің басшысы облигацияларды сатып алу тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша өткен жылы әкімдіктерге жалпы сомасы 163,7 млрд теңге қорландыру, яғни бекітілген жоспардың 100%-ы берілгенін хабарлады. 

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,235 трлн теңгеге 82,2 мың жеңілдікпен қарыз берілді. Отбасы банк жүйесінде 1,5 трлн теңге болатын 2,2 млн шарт бар. 

Үлестік тұрғын үй құрылысы бойынша жалпы сомасы 372 млрд теңге және ауданы 2 млн шаршы метр болатын 70 жоба кепілдендірілді. 

Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау бойынша жобалар жалпы сомасы 27,8 млрд теңгеге мақұлданды (бұл 275 мың шаршы метр тұрғын үй), ал жоспар бойынша 20 млрд теңге болған. 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Patti 24 августа 2023 01:02

    Hey I know this is off topic but I was wondering if you knew of
    any widgets I could add to my blog that automatically tweet my newest twitter updates.
    I've been looking for a plug-in like this for quite some time and
    was hoping maybe you would have some experience with something like this.
    Please let me know if you run into anything. I truly
    enjoy reading your blog and I look forward to your new updates.


    Feel free to visit my web-site :: necopen recomendado por especialistas

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив