Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық жасаушылары мен меценаттары марапатталды

Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық жасаушылары мен меценаттары марапатталды

14 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін, қайырымдылық жасаушылары мен меценаттарын, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
30 жылдығында елдегі бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік және қоғамдық наградалармен салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, өңірлік делегациялар – меценаттар, демеушілер, қайырымдылық ұйымдары мен қорлардың, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚХА қайырымдылық жобаларының қатысушылары және БАҚ тілшілері қатысты.

Биік марапаттарға ие болған іс-шара қатысушыларына мемлекеттік ордендер мен медальдар, Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, «Халық Алғысы» медальдары, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне
30 жыл» мерекелік медальдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықтық медальдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төс белгілері табысталды.

Марапаттау рәсімінен кейін Ассамблеяның қайырымдылық жасаушылары мен меценаттарының республикалық форумы барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» шарасының шеңберінде жомарт жандардың қайырымдылық қызметі қорытындыланды.

«Біз Тәуелсіздіктің арқасында азаматтарды мемлекеттің басты байлығы деп санайтын, ал бірлік пен ынтымақтастық қоғамдық норма болып табылатын елде өмір сүріп жатырмыз», - бұл туралы ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық жасаушылары мен меценаттары форумының ашылуында айтып, барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтады.

«Бүгін біз 138 мың азамат пен 20 мың отбасыға 1,3 млрд. теңгеден астам мөлшерде көмек көрсеткен қайырымдылық жасаушылардың кең жүректері үшін құрмет көрсетуіміз керек», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары.

Атап айтсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені - 30 игі іс» акциясы аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде жыл бойы қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.

Сондай-ақ «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде өткізілуде. 2021 жылы акция аясында 16 008 балаға және 2 804 отбасына жалпы сомасы 169 млн. астам теңгені құраған кеңсе және мектеп формасы түрінде көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, Риддер қаласының орман өртінен зардап шеккен тұрғындарына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері гуманитарлық көмек көрсетті. Жалпы салмағы 16 тоннаны құраған гуманитарлық жүк қала тұрғындарына жеткізілді. Көрсетілген көмек сомасы 48 млн. 221 мың теңгені құрады.

Жыл басынан бері Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ассамблеямен 58 мыңнан астам қайырымдылық іс-шаралары өткізілді.

Бүгінгі таңда қайырымдылық ісі, қоғамның әлеуметтік функциясы ретінде, мемлекеттің ажырамас бөлігі болып табылатын тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие болып отыр. Ал, Қазақстан халқы Ассамблеясы осы бағытты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы мұқтаж жандарға көмек көрсетуге және мейірімділік пен гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Іс-шара соңында Марат Әзілханов форумға қатысушылар мен меценаттарға қайырымдылықты дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив