Қазақстанның үздік пікірсайысшыларының есімдері белгілі болды

Қазақстанның үздік пікірсайысшыларының есімдері белгілі болды

4-5 желтоқсан күндері елордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне арналған Ұлттық дебат турнирінің финалы өтті.

Турнирге еліміздің аймақтары мен республикалық маңызы бар қалаларында 1-23 қараша аралығында өткен іріктеу кезеңдерінің 80 жеңімпазы  қатысты.

Турнир барысында қатысушылар уақыт кеңістігі форматын пайдаланып, өткенге ой жүгіртіп, сол кездегі кейіпкерлердің атынан өнер көрсетті. Пікірсайысшылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, креативті экономиканы қаржыландыру, қоғамдағы масылдық проблемаларын шешу, ядролық қарусыздану сияқты өзекті тақырыптарды көтерді, патриотизмнің жаңа тұжырымдамасын және т.б. ұсынды.

Финалда 2 000 000 теңге жүлде қоры үшін қазақ лигасында «2002» (Алматы облысы) және «2001» (Ақтөбе облысы) командалары және орыс лигасында «2013» (Нұр-Сұлтан қаласы) және «2004» (Түркістан облысы) командалары бақ сынасты.

Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасының жеңімпаздары :

1 орын – Алматы облысы «2002» фракциясы (Арынов Азамат, Әшим Мадина)

2 орын – Ақтөбе облысы «2001» фракциясы (Мырзатай Жансерик, Кәрімов Дамир)

3 орын – Алматы қаласы «2000» фракциясы (Абдукаримова Арайлым, Жәкен Нұрхан)

Орыс лигасында жеңімпаздар болып:

1 орын – Нұр Сұлтан қаласы «2013» фракциясы Дмитрий Беседин, Артем Давыдов)

2 орын – Түркістан облысы «2004» фракциясы (Ролан Мухитжан, Диас Сайфула)

3 орын – Маңғыстау облысы «2009»  фракциясы (Нурлан Муратбек, Богенбай Долдинов) атанды.

Елбасы Академиясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай өз сөзінде, қазіргі жастар – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің нағыз көрсеткіші екенін атап өтіп,

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – бұл жай ғана дата емес, осы жылдар ішінде прогрессивті ойлайтын, білімді жастардың тұтас буыны қалыптасты. Тұрақты даму үшін өз тарихымызды білу және есте сақтау маңызды. Бүгінгі Ұлттық пікірсайыс турнирі біздің дұрыс жолмен келе жатқанымыздың тағы бір дәлелі» - деді.

«Біз осы тарихи маңызы бар оқиғаға айрықша басымдықпен қарап жас ұрпақты қолдай отырып, прогрестің қозғаушысы болатын жаңа мамандарды даярлаудамыз», - деді Ұлттық пікірсайыс Федерациясының Президенті Болат Бұхарбай.

Сондай-ақ, турнир барысында үздік спикерлер анықталды. Қазақ лигасында Алматы қаласының пікірсайысшысы Абдукаримова Арайлым, орыс лигасынан Нұр Сұлтан қаласының пікірсайысшысы Артем Давыдов үздік спикер болып атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық турнир Елбасы академиясының бастамасымен  Ұлттық пікірсайыс Федерациясы ұйымдастырды. Турнир М. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ-де өтті.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Williemae 12 апреля 2024 07:16

    Hi I am so happy I found your blog page, I really found you by accident, while I was researching on Aol for something else, Anyways I am here now and would just like to say
    thanks for a tremendous post and a all round entertaining blog (I also
    love the theme/design), I don’t have time to browse it all at the moment but I have
    bookmarked it and also added in your RSS feeds, so when I have time I will be back to read a
    great deal more, Please do keep up the fantastic work.


    My web-site: Koop granisetron zonder voorschrift tegen lage kosten

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив