АБУ ДАБИ ПЛАЗАДАҒЫ АПАРТАМЕНТТЕР: АСТАНА НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА ФОРМАТ

АБУ ДАБИ ПЛАЗАДАҒЫ АПАРТАМЕНТТЕР: АСТАНА НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА ФОРМАТ

  • Активтері 10 млрд. АҚШ долларын құрайтын жетекші девелопер Aldar Properties PJSC астаналық жылжымайтын мүлік нарығында «Абу Даби Плаза» көпфункциялы кешеніндегі апартаменттерді таныстырды.
  • Бұл жоба «қала ішіндегі қала» тұжырымдамасын дамытады және төрт түрде жоспарланған жүз жиырма екі апартаменттен тұрады.
  • Ұзақ уақыт тұруға арналған апартаменттер саны өсіп, оларға деген сұраныс артып отыр, және сұраныстың өткен екі жылдың ішіндегі 10,5 %-ға жоғарылауымен салыстырғанда, соңғы екі жылда 24 %-ға артқанын көрсетті.[1]

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 29 қараша – Бүгін активтері 10 млрд. АҚШ долларын құрайтын жетекші девелопер Aldar Properties PJSC астаналық жылжымайтын мүлік нарығындағы жобасын – «Абу Даби Плаза» көпфункциялы кешені аумағындағы тұрғын үй блогында орналасқан апартаменттерді таныстырды.

Aldar Properties PJSC жобасы «қала ішіндегі қала» тұжырымдамасын дамытады және Қазақстан астанасының тұрғындары мен қонақтарын мүлдем жаңа форматпен таныстырады, онда жалға алушы бір кешеннің аумағында шоғырланған қызметтердің толық спектрін ала алады.

Апартаменттердің басты ерекшелігі – Абу Даби Плаза КФК аумағында орналасқан қолайлы жағдайлардың барлығына тікелей қолжетімділік, тәулік бойғы күзет қызметі мен дамыған инфрақұрылымын қосқанда, оның ішінде сауда орталығы, кафе-ресторандар, жерасты паркингі, балалар алаңқайы, кеңселік ғимараттар және Sheraton қонақ үйі бар. «Абу Даби Плаза» КФК тұрғын апартаменттері бар блогы Қазақстандағы америкалық LEED жасыл құрылыс стандартының сертификатын алғашқы болып алған коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандарының біріне айналды.

Заманауи динамикалы өмір салты өз талаптарын қояды, сондықтан көп адамдар үшін тұрғын үйді жалға алу – үздік шешім. Бүкіл әлемдегі экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, Global Serviced Apartments Industry Report 2020[2] зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, апартаменттерді жалға алуға деген сұраныс артуы тиіс. Мақсатты аудиторияның негізгі үлесін бұрынғысынша компаниялардың  ұзақ та, қысқа да мерзімді іс-сапарларда болатын қызметкерлері құрайды. Сол сияқты, зерттеу нәтижелері орналасатын орынды таңдаудағы ақтық шешімге тұрғын үйдің құны, баға мен сапаның арақатынасы және орналасқан жері әсер ететінін көрсетті.

Аталған тұрғын үй түрін жалға алуға деген сұраныстың артуына әлемдік экономиканың дамуы мен апартаменттер нарығының өсу динамикасы да ықпал етуде. Нарықтың дамуына, өз кезегінде, халықтың мобильділігінің жоғарылауы мен саяхатшылар санының, және тек туристердің емес, іс-сапарға шығатындар санының артуы да себеп болып отыр. Сондай-ақ, тұтынушылардың жылжымайтын нысандарға деген көзқарасының өзгеруіне жаңа Z ұрпақтың құндылықтары да әсер етеді, олар төлемге қабілетті аудитория санатындағы өз үлесін жыл санап арттырып отыр. 2019 жылғы деректер бойынша, респонденттердің 72 %-ы жаңа экономика жағдайларында жалға алынатын жылжымайтын мүлік ең оңтайлы шешім деп мәлімдеген, өйткені ол белгілі бір мекен-жайға бауыр баспастан, икемді өмір салтын сақтауға мүмкіндік береді[3].

 Қазақстандағы нарықтық жағдай және жергілікті тұтынушының мінез-құлқы жаһандық трендтердің де, сонымен бірге елдің ерекшеліктерінің де әсерінен қалыптасады: елдің шалғай өңірлерінде орналасқан өнеркәсіп орталықтары, іскерлік ағындардың Алматыдағы қаржы хабы мен астананың арасында бөлінуі көптеген компаниялардың бизнес процестеріне әсер етеді және қызметкерлердің қалалар арасында ұдайы қозғалып тұруына ықпалын тигізеді, бұл жалға берілетін жайлы тұрғын үйге деген сұранысты тудырады.  «Абу Даби Плаза мультифункционалды кешеніндегі апартаменттер – бұл расымен де бірегей жоба, және мен бүгінгі күні Aldar Properties-тің астана тұрғындары мен қонақтарына сапасы өте биік стандарттарға сәйкес келетін тұрғын үй деңгейін ұсына алатынына, ал ұйымдастырылған инфрақұрылым қазіргі қала өмірінің барлық талаптарына сәйкес келетініне қуаныштымын», - деді Aldar EuroAsia Property Management атқарушы директоры Хокан Нильсон.

Абу Даби Плазадағы апартаменттер табысты және талғампаз сатып алушының талаптарын ескере отырып жобаланған және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес салынған. Бизнес апартаменттердің дәстүрлі тұжырымдамасы ауданы қонақ үйлердегі нөмірлерден орта есеппен 15–30 %-ға артық болатын студияны немесе бір жатын бөлмесі бар пәтерді білдіреді. Алайда Абу Даби Плаза кешеніндегі жоба төрт түрде жоспарланған жүз жиырма екі бизнес апартаменттен тұрады. Жиырма апартамент студия форматында жасалса, елу сегіз апартамент бір жатын бөлмесімен жоспарланған, тағы жиырмасында екі жатын бөлмесі бар және жиырма төрті – үш жатын бөлмесі мен үш санитарлық торабы бар апартаменттер.

 Бұған қоса, апартаменттер қажетті тұрмыстық техника заттарымен, қолайлы әрі заманауи жиһазбен және ыдыс-аяқпен толықтай жабдықталған, ал панорамалы тережелерден саябақтың керемет көрінісі көз тартады.

 «Абу Даби Плаза мультифункционалдық кешенінің және «қала ішіндегі қала» тұжырымдамасының тағы бір артықшылығы әртүрлі саяхатшылардың қажеттіліктері ескерілгендігінде жатыр. Егер сіз астанаға екі-үш күндік сапармен келген болсаңыз, онда кешен аумағындағы Sheraton қонақ үйінде тоқтай аласыз. Ал егер сіз Нұр-Сұлтанға жүйелі түрде біршама ұзақ мерзімге келетін болсаңыз, онда біз сізге тұруға толықтай дайын апартаменттерді ұсына аламыз. Бұл біздің қонақтарымыздың өздеріне барынша қолайлы орналасу форматын таңдауына мүмкіндік береді», - деп толықтырды Нильсон мырза.

Апартаменттерді жалға алудың ең аз мерзімі – алты ай.

http://adp-residence.kz/ сайтынан егжей-тегжейлі білуге болады.

Aldar туралы

Aldar Properties PJSC – активтері 10 млрд. АҚШ долларын құрайтын, 75 млн. м2 жер қоры бар, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Таяу Шығыстың өзге елдерінің аумағында орналасқан көрнекті архитектуралық құрылыстарымен әйгілі болған Абу-Дабидегі жылжымайтын мүлік нысандарының жетекші девелопері.     

2005 жылы құрылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін Aldar БАӘ астанасына пішін беріп, қала кеңістігін жетілдірумен айналысып келеді, сондай-ақ Әмірліктердің басқа да негізгі облыстарының архитектуралық келбетін жасауда.  

Aldar әсерлі инновациялық жобаларды дамытады, олардың арасында компанияның Al Raha Beach-тегі штаб-пәтерінің ғимараты, Al Reem аралындағы Shams Abu Dhabi-дегі the Gate Towers және Yas аралындағы Formula-1 автодромы бар.

Aldar акциялары Абу-Даби бағалы қағаздар биржасында саудаланады (акциялардың бағасын белгілеу: ALDAR: UH). Aldar – жоғары табыс әкелетін және тұрақты пайдамен қамтамасыз ететін бизнес. Сол сияқты, Aldar әртүрлі акционерлері санының көптігімен байланысты тағы бір артықшылыққа ие. Компания корпоративтік басқарудың биік стандарттарына сәйкес жұмыс істейді және өз акционерлерін пайдамен және құндылықпен тұрақты негізде қамтамасыз ету мақсатында, ұзақ мерзімді және орнықты бизнес идеясын ұстанады.

Aldar компания тұрғызатын нысандар мен ғимараттардың сапалы, жайлы және келушілер үшін тартымды болуына, Абу Даби тұрғындары мен туристердің өмірін әлдеқайда мазмұнды қылуға ұмтылады. Aldar әлемдік кластағы бөлшек сауданы жүргізуге қажетті жағдайларды әзірлеуде және жасауда көшбасшылық рөл атқарады. Соның бір мысалы ретінде Yas Mall сауда және ойын-сауық орталығын айтуға болады. Компания Aldar Академияларында халықаралық білім беру стандартын сақтайды, Formula-1 Yas Marina автодромы сияқты бірінші дәрежелі тартылыс орындарын, сондай-ақ тұруға арналған жылжымайтын мүлік нысандарын салады.

Aldar-дың ұстанымы – Абу Дабиде және одан тыс жерлерде ең сенімді және танылған девелоперлік компания болу.

Aldar Properties PJSC ресми вебсайты: http://www.aldar.com

Абу Даби Плаза СО туралы

«Абу Даби Плаза» көпфункциялы кешенінің сауда орталығы Aldar Properties PJSC жобаларының бірі, ол Қазақстанның астанасында шопинг пен көңіл көтеру үшін бірегей орын жасау мақсатында жобаланған.

Абу Даби Плаза СО қала тұрғындары мен қонақтарына киім мен аяқ киім, аксессуарлар мен техника брендтерінің, сондай-ақ мейрамханалардың үлкен таңдауын ұсынады. Бұған қоса, сауда орталығының аумағында Mohito, Reserved, Cropp, House сияқты эксклюзивті брендтер мен балаларға арналған Кидбург мамандықтар қалашығы, сондай-ақ Galmart супермаркеті бар. Осының барлығы көлік үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де қолжетімді жерде, өйткені Абу Даби Плаза СО Нұр-Сұлтан қаласының қақ ортасында орналасқан.

«Абу Даби Плаза» көпфункциялы кешенінің бір бөлігі бола отырып, сауда орталығы астанадағы айтулы ғимарат болып табылады. Бүгінгі күні ол – Нұр-Сұлтан қаласындағы биіктігі 311 метрлік ең биік мұнара. Бұған қоса, «Абу Даби Плаза» эко жүйесіне Sheraton қонақ үйі, кеңселік үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын үй кешені кіреді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив