Абу-Даби Плаза туралы ақпарат

Абу-Даби Плаза туралы ақпарат

Астана қаласының ПД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен стихиялық қоқыс қалдықтарын төгуге жол берілмеуге  бағытталған іс-шаралар жүргізіліп отырады. Осы мақсатта қоқыс қалдықтары көптеп  төгілетін жерлерге тексерістер жүргізілуде. Тұрғындар арасында әкімшілік заңнаманы бұзған үшін берілетін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары тұрғылықты түрде жүргізіліп отырады.

Осылайша, "Есіл" ауданы ПБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аумақты тексеру барысында "Нұрлы жол" теміржол вокзалы ауданындағы саяжай массивінің аумағында "Абу-Даби Плаза"құрылыс нысанынан шығарылған құрылыс қоқыстарын тастаған "КАМАЗ" маркалы автокөлігінің жүргізушісі 1989 ж.т. К. есімді азаматты ұстады.

1989 ж.т. К. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабын « қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын  абаттандыру қағидаларын бұзу.......» бұзғаны үшін 20 АЕК көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, бақылаусыз және абаттандыру ережелерін бұзуға жол бергені үшін жоғарыда көрсетілген объектінің бас мердігері - "Arabtec Consolidated Contractors Limited" компаниясы 300 АЕК (721 500 тг.) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабын « қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын  абаттандыру қағидаларын бұзу.......» бұзғаны үшін 236 құрылыс ұйымы 16 млн.теңгеден астам сомманы құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив