АСТАНА КЛУБ 2021: ЕКІНШІ КҮН ҚОРЫТЫНДЫСЫ

АСТАНА КЛУБ 2021: ЕКІНШІ КҮН ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Екінші күн отырысын «АҚШ-Қытай текетіресі: әлем экономикасы мен геосаясатына әсерлері» және «Батыс vs Ресей: еуразиялық экономикалық одақ үшін салдарлары» тақырыптарына арналған сессиялар ашты.

 Отырыс «Ауғанстан болашағы және оның орталық азия аймағына әсерлері» сессиясымен жалғасты.

Сессияның модераторы Атлант кеңесінің аға ғылыми қызметкері, Энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының (ITIC) директоры Ариэль Коэн болды.

Спикерлер арасында - Лиза Кертис, Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығының (CNAS) Үнді-Тынық мұхиты Бағдарламасының Директоры, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары (2017-2021), Франко Фраттини, Италияның Сыртқы істер министрі (2002-2004, 2008-2011), Еурокомиссияның Вице-президенті және Әділет және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Еурокомиссар (2004-2008), Абдул Кәрім Хурам, Ауғанстан Ислам Республикасы экс-президенті Хамид Карзай Әкімшілігінің бұрынғы басшысы, Лесли Симм, Халықаралық өзара түсіністік форумының (IFOUND) негізін қалаушы және атқарушы директоры болды.  

Өз сөзінде Лиза Кертис: «халықаралық қауымдастық Ауғанстанға гуманитарлық апатты еңсеруге көмектесуге тиіс. 23 миллион адамға азық-түлік қажет. БҰҰ мен гуманитарлық ұйымдар жағдайды шешуге қауқарсыз», - деді.

Франко Фраттини сессия қатысушыларының назарын, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Орталық Азия терроризмнен әлі де тиісті дәрежеде қорғалмағанына аударды: "Ресей өзіне аймақтағы жағдайды тұрақтандыру рөлін алғанына қарамастан, Ауғанстанмен шекаралас жерлерде  әлі де шиеленіс ошақтары байқалуда", - деді.

Сарапшылар бүгінде Ауғанстанға гуманитарлық апатпен күресу үшін толық қолдау көрсету қажет екенін атап өтті. Бұл ретте көмектің Ауғанстан азаматтарына жетуін қамтамасыз ету маңызды.

         Келесі сессия – «Иран мен Таяу Шығыс: ядролық мәміле және аймақ перспективасы».

Сессияның модераторы Халықаралық бейбітшілік институтының Вице-президенті, қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкіл (2012-2015), БҰҰ Бас хатшысының орынбасары (2008-2012) Ангела Кейн болды.

Спикерлер: Хьелл Магне Бондевик, Oslo Centre негізін қалаушы, Норвегия Премьер-Министрі (1997-2000, 2001-2005), Ариэль Коэн, Атлант кеңестің аға ғылыми қызметкері, Энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының директоры (ITIC), Эдвард Лютвак, ENL Associates Президенті, стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының аға кеңесшісі (CSIS), Тобиас Борк, Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жөніндегі бас ғылыми қызметкер, Корольдік Біріккен қорғаныс зерттеулер институты (RUSI), Люк Коффи, Heritage Foundation халықаралық саясат орталығының директоры.

 Ариэль Коэннің айтуынша, Қазақстан Таяу Шығыс елдері үшін тартымды серіктес. Сондай-ақ, Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау моделінің өзгелер үшін маңыздылығы бар.

      «Жаңа әлемдік тәртіп немесе технологиялық үстемдік үшін талас» сессияның модераторы  RAND Corporation Халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры Кришна Кумар болды.

Сессия спикерлері ретінде РЭНД (RAND Corporation) корпорациясының халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры Эван Фейгенбаум, ENL Associates Президенті, стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) аға кеңесшісі Эдвард Лютвак, профессор, М.В. Ломоносов атындағы ММУ саясаттану факультетінің мемлекеттік саясат кафедрасының меңгерушісі және Бейжің университетінің шақырылған профессоры Владимир Якунин, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік форумының (ISF) Басқарушы директоры Стив Дурбин сөз сөйледі. 

Эван Фейгенбаум: «Біз бүгінде технологиялық ағындардың елеулі саяси процестермен байланысты екенін байқап отырмыз. Мен бұған секьюритизация процесі немесе техносфераға басты ден қою деп қараймын. Бүгінгі таңда деректер технологиялары, коммерциялық пайда емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бағаланып  өңделеді. Меніңше, бұл қазіргі заманғы технологиялардың басты әлсіз тұсы", - деді.

Стив Дурбин болса: "Бүгінде барлық жерде ақпарат басымдыққа ие. 2025 жылға дейін адамзат күн сайын 500 зеттабайт ақпарат жасайды. Мен тәулігіне 500 зеттабайт – 500 миллион DVD диск қандай екенін елестетуден қорқамын", - деді.

Айта кетері, Astana Club кейбір отырыстары "Chatham house" ережесіне сәйкес, яғни жабық форматта өтті. 

 Форум жұмысы 17 қарашада да жалғасады. Үшінші күні "Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Назарбаев стратегиясы және Қазақстан мен Орталық Азияның болашағы" сессиясы, Ядролық қауіпсіздік үшін Жаһандық Көшбасшылар Альянсының кездесуі аясында "Түн ортасы аяқ басты: ядролық диалог уақыты" сессиясы және «Үлкен Еуразия: Болашақ әлем көрінісі» атты пленарлық отырыс өтеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив