«АСТАНА КЛУБ 2021» ЕКІНШІ КҮНІ БАСТАЛДЫ

«АСТАНА КЛУБ 2021» ЕКІНШІ КҮНІ БАСТАЛДЫ

Клуб жұмысының екінші күні «АҚШ-Қытай текетіресі: әлем экономикасы мен геосаясатына әсерлері» сессиясымен басталды.

       «Еуразия шұғыласы» бестселлерінің авторы, Flint Global бас кеңесшісі, Португалияның еуропалық істер жөніндегі бас хатшысы (2013-2015) Бруно Масаеш сессия модераторы болды.

      Сондай-ақ, сессия жұмысына Хадсон Институтының Қытай жөніндегі орталығының директоры, Президенттер Р.Рейган, Дж.Буш (үлкен), Д.Трамптың кеңесшісі, «Жүз жылдық марафон: Қытайдың құпия стратегиясы» бестселлерінің авторы Майкл Пиллсбери, Азиялық қоғам саясаты институтының Президенті және Бас директоры, Австралияның Премьер-министрі (2007-2010,2013) Кевин Радд, «Қытай мен жаһандануды зерттеу Орталығының» Президенті Ван Хуэйяо, Дүниежүзілік банк Вице-президенті (1991-2003), Брукингс институтының ғылыми қызметкері Йоханнес Линн.

      АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы уақыт өте келе әлемдегі екі ірі экономиканың кешенді қақтығысына айналды. Қазіргі таңда бәсекелестіктің стратегиялық аясы кең. Геосаясат, әскери сала мен технологиялық үстемдікке ие болу солардың қатарында.

     Өз сөзінде Майкл Пиллсбери: «АҚШ халқы соғыс кездейсоқ басталуы мүмкін деп алаңдайды. Соңғы 2 жылда мен мұндай көп сценарийді естіп талқыладым. Бұл өте ауқымды мәселе. Бүгінгі сессия аясындағы қарама-қайшылық туралы айтар болсақ, мен үшін бұл әскери қақтығыс, оның ішінде ядролық соғыстың ықтималдығы», - деді.

          Кевин Радд болса: Қытай бүгінде әлемдегі экономикалық көшбасшы, ірі саяси күш. Бұл қазірдің өзінде Америкамен күресіп, бәсекелес болып жатқан қуатты және ықпалды күш орталығы. Қазір Америка барлық негізгі заманауи технологияларға ие және технологиялық дамуда Қытайдан алда. Қытайда АҚШ-тағыдай өткізгіштер мен жартылай өткізгіштер жетіспейді. Олардың өндірісі АҚШ-та шоғырланған. Бұл тұрғыда Қытай Америкадан артта қалды. АҚШ-ты басып озу үшін жаңа технологиялық саясатты қолға алды. Сондықтан екі ел арасындағы қарым-қатынас ушыға түседі – сын-қатерлердің алмасуы болады және бәрімізді шиеленіс кезеңі күтіп тұр», - дегенді алға тартты.

       Клуб жұмысы «Батыс vs Ресей: Еуразиялық экономикалық одақ үшін салдарлары» сессиясымен жалғасты. Оған Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев, Бельгия премьер-министрі (2008, 2009-2011) Ив Летерм, Энергетикалық хартия хатшылығының Бас хатшысы Урбан Руснак, Мәскеулік Карнеги Орталығының Директоры Дмитрий Тренин, сондай-ақ, «Постиндустриалдық қоғамды зерттеу орталығының» директоры (Ресей), Владислав Иноземцев қатысты.  

      Талқылауды бастаған Ержан Салтыбаев: Бүгінде Ресей мен Батыс арасындағы «қырғи-қабақ соғыс» ЕАЭО күн тәртібінде тұр. Біз ЕАЭО мен ЕЭК арасындағы қарым-қатынас әлеуеті орасан зор екенін білеміз. Дегенмен, бұл диалогтың болашағы қандай және біз оны қашан іске қоса аламыз деген сұрақ туындайды», - деді.

      «Ресей Еуропамен байланысты барлық жағдайды саясиландырды, бұл ЕАЭО-ға кесірін тигізді. Еуразиялық экономикалық одақтың көптеген пайдасы жойылды. Ресей Федерациясы өзін ешбір одаққа мүше еместей сезінеді. Менің ойымша, Ресеймен бірге ЕАЭО-ға мүше елдер Мәскеудің бұл саясаты дұрыс еместігін көрсетуге керек, әйтпесе бұл күйреуге әкелуі мүмкін», - деп мәлімдеді Владислав Иноземцев.

      Өз кезегінде Ив Летерм: "Украинаға қатысты мен пессимистік ойдамын. Бұл Еуропалық Одақ қысымға түсетін қақтығыс. Өйткені Еуропа өзінің негізгі қағидаларын ұстанғысы келеді және жақын болашақта өзгеріс жасауға орын жоқ. Бұл мәселе Еуропалық Одақ үшін өте маңызды".

       Урбан Руснак: «Ресейге қатысты санкциялар  әлі ұзақ уақыт сақталады. Мәскеу маңызды рөлге ие болғандықтан, ЕО мен ЕАЭО арасында диалог орнату мүмкіндігіне қатысты болжам мәз емес",  - деді. 

            Сондай-ақ, ол: «Энергетика мәселесі Еуропа мен Ресейді жақындастыра алмайды. Ресей газ сертификациясын жеделдету үшін Еуропадағы энергетикалық дағдарысты пайдаланып қалуға тырысуда. Бұған қоса, осы мәселе арқылы Еуропа ұстанымындағы бірлікті бұзбақ", - деп қорытындылады.

Форум жұмысы 17 қарашаға дейін жалғасады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив