Қазалыда пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қазалыда пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қайырымдылық - қазақтың қанына сіңген қасиет. Қазалы аудандық пробация қызметі қайырымдылық жасауды игі дәстүрге айналдырған. Бүгін аудандық пробация қызметкерлері тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік көмекті қажет ететін пробация есебіндегі 7 азаматқа қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл көмек аудандағы атымтай жомарт жандар, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен азық-түлік берілді. Пробация қызметкерлері әрбір есептегі азаматтардың жағдайын зерделеп, қадағалап, тиісті әлеуметтік көмек  түрлерін көрсетеді. Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Бауыржан Садуовтың айтуынша жыл басынан тұрмыс жағдайы төмен 15 азаматқа азық-түліктей көмек берілген. Есептегі азаматтарды әлеуметтендіру бағытында жергілікті атқарушы органдармен, жеке кәсіпкерлермен көмек көрсетеміз. Жұмысы жоқ азаматтарды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырамыз, кәсіп ашамын деген сотталғандарға құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетеміз, медициналық көмекті қажет ететін  азаматтар аудандық ауруханадан тегін медициналық  көмек алады дейді әділет майоры. Пробация есебіндегі азаматтардың қайта қылмыс жасамауы үшін пробация инспекторлары күнделікті мекенжайын тексеру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. 

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив