Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 41 ақмолалық 6 млн теңгеден астам сомаға көтермеленді

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 41 ақмолалық 6 млн теңгеден астам сомаға көтермеленді

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу институтының әрекет ету кезеңінде жалпы сомасы 6 млн теңгеден астам 41 адам көтермеленді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин онлайн-брифинг барысында айтып берді.

Спикердің ақпараты бойынша, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған өңірдің 6 адамы 800 мыңнан астам теңге алды. Талдау көрсеткендей, негізінен азаматтар парақорлық фактілері туралы хабарлайды. Мысалы, ауырлығы орташа қылмыстар санатына жататын пара алу фактісі туралы хабарлаған облыс тұрғыны 145 850 теңге сомасында көтермеленді.

Айта кетейік, өткен жылдан бастап сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлама жасаған азаматтарға берілетін сыйақының сараланған жүйесі жұмыс істейді, оған сәйкес азаматтар ең жоғары соманы - 11 млн.теңгеден астам соманы ала алады.

Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК – тен (2 917 000 теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сыйақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Көрсетілген сомадан артық – сыйақы 10%-ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (11 млн 112 мың теңге).

Көтермелеу әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы, айыптау үкімі не қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша қысқарту туралы сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылады.

Егер азамат ақшалай сыйақыдан бас тартса, онда ол грамотамен немесе алғыспен көтермеленуі мүмкін.

«Ақпарат берушілерді көтермелеудің сараланған жүйесі, ең алдымен, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке белсенді тартуға бағытталған. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын азаматтар ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Сондықтан, әрқайсыңызды сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытуға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне немесе 1424 Call-орталығына хабарлауға шақырамыз», - деп қорытындылады Айдос Жақиялин.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив