Сотталған азаматтарға «Ихсан - рухани тәрбие негізі» атты кітабы таныстырылды.

Сотталған азаматтарға «Ихсан - рухани тәрбие негізі» атты кітабы таныстырылды.

          Дана халқымыз «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» дейді. Сол діннің қадір-қасиетін білмей, діни сауатсыздықтың кесірінен талай жастарымыз темір торға тоғытылып жасаған қылмыстарының жазаларын өтеуде. Бірі Шам еліне барып Ислам халифатын орнатамын деп қателессе, енді бірі елімізде тыйым салынған радикалдық бағыттағы жолдарды ұстанып қателесті. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінде де ел аумағында тыйым салынған радикалдық бағытты ұстанып, қателіктерге бой алдырған біраз азамат жазасын өтеуде.                          Ағымдағы жылдың 26 қазанында мекеме теологтарының ұйымдастыруымен «Ақниет ақпараттық оңалту орталығы» ҚҚ-ның өңірдегі жетекшісі Маткаримов Жеңіс пен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Қаюпов Ислам мекемеде ұсталатын экстремистік және террористік қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан сотталғандармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ж.Маткаримов сотталғандарға Ислам дінінің шарттарымен қатар тақуалық мәселесін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде И.Қаюпов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан -рухани тәрбие негізі» атты кітабын сотталғандарға таныстырды. И.Қаюпов өз сөзінде, бұл кітапта рухани тәрбие негізі болып табылатын Ихсан ілімі жайлы сөз қозғалатындығын. Әуелі Жаратушы Алла Тағаланы танудан бастап, мұсылманның тұлғалық тәрбиесі, қоғам алдындағы әдебі аят-хадистермен қатар нақты мысалдар арқылы көрсетілетіндігін. Сонымен қатар құлшылықта да, тіршілікте де Алла  Тағаланың бақылауын сезініп, көркем мінез бен  әдептілікке ұмтылудың рухани қағидалары қамтылатынын және кітап жалпы оқырман қауымға арналғандығын атап өтті.

Келген қонақтар жоғарыда аталған кітаптың екі данасын ҚМДБ атынан мекеменің кітапхана қорына сыйға тартты.

Өз кезегінде сотталған азаматтар келген қонақтарға алғыстарын айта отырып аталған кітаптың жарыққа шыққанын теледидар арқылы жаңалықтардан көргендерін және осы кітаптың өздеріне қол жетімді болғандығына ризашылықтарын білдірді. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив