Антикор ЖОО оқытушыларының заңсыз сыйақы алғаны үшін санкцияны күшейтуді ұсынады

Антикор ЖОО оқытушыларының заңсыз сыйақы алғаны үшін санкцияны күшейтуді ұсынады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы М. Ахметжанов еліміздің жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен республикалық кеңесте Transparency International деректеріне сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарындағы жемқорлықтың жай-күйі туралы айтып берді.

Агенттік Төрағасының айтуынша, жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық келісімдерінің ең көбі Атырауда - 24%, Нұр-Сұлтан - 20%, Шымкент - 12,5%, Алматы қаласында - 12%, Алматы облысында - 12%, Маңғыстау-10% және Түркістан-9% облыстарында жасалған.

Көбінесе бейресми төлемдердің 64% - сессияны жабуға, 14% - университетке түсуге берілген. Әрбір үшінші жағдайда ЖОО қызметкерлері, қалған жағдайларда делдалдар мен үшінші тұлғалар бастама жасаған, 95% жағдайда сыйақы түрінде 5 мыңнан 200 мың теңгеге дейін ақша берілген. Басқа жағдайларда – гүлдер немесе тәттілер. Сауалнамаға қатысқандардың 28%-ы басқа амал жоқ деп жауап берсе, ал әрбір бесінші адам бұл мәселені шешу ыңғайлы әрі оңай екенін айтқан.

Аталған мәселені шешу үшін Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың әзірленіп жатқан Тұжырымдамасы аясында ЖОО педагогтері де кіретін мемлекеттік емес ұйым қызметкерінің заңсыз сыйақы алғаны үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК-нің 247-бабы бойынша санкцияларды күшейтуді ұсынуда. Бұл шара осы құрамды қылмыстық теріс қылықтардан орташа ауырлықтағы қылмыс санатына ауыстыруға мүмкіндік береді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив