Еліміздің 68 жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер құрылмаған

Еліміздің 68 жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер құрылмаған

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы М. Ахметжанов еліміздің жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен Республикалық кеңесте сыбайлас жемқорлық схемаларына қарсы пәрменді шаралар және пара алу жағдайларын азайту туралы айтты.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер институтын енгізу –осындай шаралардың бірі ретінде жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, мүдделер қақтығысын шешуге және жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ, ведомство басшысы жоғары оқу орындарының комплаенс қызметтерінің ресми жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, еліміздің 68 жоғары оқу орнында мұндай қызметтер құрылмаған.

Комплаенс-қызметтерді дамыту – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігі. Осыған орай, М. Ахметжанов барлық ректорларды аталған жемқорлыққа қарсы институтты құруға, стандарттарды бекітуге, сондай-ақ студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуға назар аударуға шақырды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» элективті пәні көптеген жоғары оқу орындарының пәндер тізіміне енгізілген болатын. Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының пікірінше, оны міндетті пәндер тізіміне енгізген кезде ғана оқытудың нақты әсері болуы мүмкін.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив