Антикормен үш жыл ішінде білім беру саласындағы 400 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелді

Антикормен үш жыл ішінде білім беру саласындағы 400 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелді

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы М. Ахметжанов еліміздің жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен Республикалық кеңесте мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының деректеріне сәйкес соңғы үш жылда білім беру саласында 400 - ден астам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген (2019ж. - 161, 2020ж. -181, а.ж. 9 айында-72). Оларды жасағаны үшін 270 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Олардың арасында білім вице-министрлері, Министрліктің еншілес ұйымдары басқармаларының төрағалары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық және аудандық деңгейдегі білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, ЖОО ректорлары, мектеп директорлары және т. б. бар.

«Мысалы, биыл жазда халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековке (8 жыл) қатысты айыптау үкімі күшіне енді, ол ЖОО бухгалтерімен бірге стипендияға бөлінген 1,7 млрд теңгені ұрлаған», - деді М. Ахметжанов.

Сондай-ақ, қазір Антикор «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» басшылығына және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты университеттің жер телімін заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша іс тергеліп жатқанын атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив