Петропавлда

Петропавлда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа әлеуметтік желілердегі әлеуметтік ролик, Үздік TikTok" байқауының қорытындысы шығарылды

2021 жылғы 7 қыркүйектен бастап 17 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа, әлеуметтік желілердегі әлеуметтік ролик, Үздік TikTok" байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық, әділдік және адалдық қағидаттарын насихаттау, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту, сондай-ақ заманауи коммуникация құралдары арқылы адамдардың санасына әсер ету болып табылады.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбын ашып, #anticorruptionsko, #parasattylyq хэштегтерін көрсете отырып, TikTok-та бейне түсіріп, жариялауы қажет болды.

Барлық бейнелердің өзіндік ерекшелігі болды, бірақ байқау комиссиясының мүшелері тақырыптың толық және терең ашылуына, идеяны жеткізуге, ауызекі сөйлеу мәдениетіне, ойлаудың бірегейлігіне, әртістікке назар аударды, бейнероликтің ажыратымдылығы мен дыбысы да маңызды болды.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша орындар келесідей анықталды:

Байқаудың жеңімпазы Нұржігітова Гүлдана (Мағжан Жұмабаев ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы);

Екінші орынды Мағжан Жұмабаев ауданының жастар ресурстық орталығының белсенділері иеленді;

Үшінші орынды Рузаев орта мектебі (Ғабит Мүсірепов атындағы аудан) иеленді.

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив