ҚАЖ қызметкерлері «Мен және менің құқығым» атты кітап көрмесімен танысты

ҚАЖ қызметкерлері «Мен және менің құқығым» атты кітап көрмесімен танысты

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстан халқы үшін ең ұлық мереке. 1995 жылдың 30 тамызы - Тәуелсіз еліміздің өркендеуі мен өрлеуінің негізі, мемлекеттігіміздің маңызды нышаны – Ата Заң қабылданған қасиетті күн.

Бүгін 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, А.С. Пушкин атындағы орталық кітапханада Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен  іс –шара өтті. Кітапхана қызметкері Н.Асқарова  «Мен және менің құқығым» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырып, Қазақстан Республикасының мемлекет ретінде  оның қалыптасуы туралы және ҚР Конституциясы туралы айтып өтті.

Одан соң ҚАЖ департаментінің заңгері Бақытжан Абдиев мемлекетіміздің алтын діңгегі,  еліміздегі барлық заңдардың бастауы және сүйенетін негізгі түп тірегі саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясы жөнінде мәлімет берді. Ата Заңымыздың адами құндылықтарға, оның негізгі құқықтары мен бостандығын қорғауға бағытталғанын атап өтті. Конституция тәуелсіз Қазақстанның даму жолын айқындап берді, мемлекетіміздің берік негізін қалады. Әрбір Қазақстан азаматы, еңбектеген сәби мен еңкейген қартқа дейін өз құқығын жете біліп, оны қажетіне сай өмір сүру дағдысында қолдана білуі керек деді ҚАЖ департаментінің  заңгері .

Ендеше әрбір азамат бейбіт елдің алтын арқауы - Ата Заңымыздың талаптарын бұлжытпай орындаса, алар асуымыз әркезде биік, Мәңгілік Елдің тұғыры бекем, шаңырағы берекелі болары сөзсіз. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив