Пробация есебіндегі азаматтар Мемлекет басшысының мақаласымен танысты

Пробация есебіндегі азаматтар Мемлекет басшысының мақаласымен танысты

2020 жылғы 26  қаңтарда Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында   Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқырмандар арасында насихаттау мақсатында қалалық пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті.

Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері  Мемлекет басшысының мақаласындағы «Таным мен тағылым» деп аталатын екінші бөлімге тереңнен тоқталып, Тәуелсіздікке жетуге ерекше еңбек сіңірген дара тұлғалардың өмірлік тәжірибелері, олардың Отансүйгіштік қасиеттерінің қалыптасуына айрықша тоқталды.

Шара соңында кітапхана бөлімдеріне саяхат жасап, оқу залы  қорында орналасқан әлемдік ой-сананың таңдаулы жетістіктері мен әлем әдебиеттерінің көрнекті тұлғаларының таңдаулы туындыларының аудармалары аясында жарыққа шыққан «Әлемдік философиялық мұра», «Әлемдік тарихи ой-сана», «Әлем  әдебиеті кітапханасы», «Әлемдік классика» ашық көрме сөрелеріне қойылған кітаптармен танысты. Сонымен қоса ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Айбыны асқақ, тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесімен кеңінен танысты.

Қызылорда қалалық пробация қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив