Телефон ұрлаған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылды

Телефон ұрлаған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылды

Бәрі арақтың кесірі...деп бастады әңгімесін Шиелі аудандық пробация есебіндегі С., есімді азамат. Ащы суға тойып алған азамат жолдасы екеуі пәтер ұрлығын жасаған. Үй иесінің телефонын қолды қылып, ұялы телефонды бір бөтелке араққа ауыстырған. Екеуі де  полиция қызметкерлерімен ұсталып, оларды Жаңақорған аудандық соты  ҚР ҚК-нің 188- бабының 3-бөлігінің 3 тармағымен  кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап және жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқаруды міндеттеген.Аудандық пробация қызметіне алынған соң, пробация инспекторлары оған жаза өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттерін толық түсіндірді. Қазір бұл азамат жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.

«Қазір екеуміз де  кент әкімдігі айқындаған орындарда күніне төрт  сағаттан мәжбүрлі еңбегімізді атқарып жүрміз. Бұның өзі мен үшін үлкен бақыт, отбасымның қасымдамын, бас бостандығым өзімде, ендігі кезекте соттың жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындап, пробация қызметінің қойған заңды талаптарын бағынып жазамды адал өтеп, болашақ ұрпағыма жақсы тәрбие қалдыруым керек»,- деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив