Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын азаматқа мәжбүрлі еңбек тағайындалды

Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын азаматқа мәжбүрлі еңбек тағайындалды

 

Мәжбүрлі еңбекке тарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 44-бабы 1-бөлігінде көрсетілгендей бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған сотталғандарға қолданылады.

Аталған мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі.

Қызылорда қаласының тұрғыны Д. есімді азамат Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, жылына 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.

Қазіргі таңда ол 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Қызылорда Тазалығы » ЖШС-не жіберілді. Күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде.

«Жыл басынан Қызылорда қалалық пробация есебіндегі 37 азаматқа сот үкімімен мәжбүрлі еңбек тағайындалған. Оның 25-і мәжбүрлі еңбегін орындап, пробация есебінен шығарылса, қалған 12 азамат қоғамдық орындарды зиянды қоқыс заттардан тазалау, абаттандыру, түзету сынды жұмыстар арқылы  жазасын өтеуде»,- дейді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Б.Наурызбаев. 

Қызылорда облысыбойынша ҚАЖД

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив