Елордада Egov цифрлық бұрыштары мемлекеттік ұйымдар мен сауда орындарында іске қосылды.

Елордада Egov цифрлық бұрыштары мемлекеттік ұйымдар мен сауда орындарында іске қосылды.

Нұр-Сұлтанда Egov цифрлық бұрыштары белсенді түрде енгізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметтерді онлайн алу кезінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін ХҚО ғимаратынан тыс қосымша 10 бұрыш ашылды.

Мұндай бұрыштарда компьютері немесе интернетке кіру мүмкіндігі жоқ азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше онлайн ала алады. Қызмет алушылардың сұрақтары туындаған жағдайда, бұрыштардың жанында Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері оларға кеңес бере алады.

Бұрыштар аудандық әкімдіктердің, мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимараттарында, "Жанұя" отбасын қолдау орталығында және "Сарыарқа" СОО аумағында орналасқан. Бұл тұрғындардың көпшілігін электрондық мемлекеттік қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді және ХҚО жанындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына жүгінушілердің жүктемесін азайтады.

"Біздің" цифрлық бұрыштарымыз " ХҚО-ларда адамдардың көптеп жиналуын болдырмау үшін жасалынған. Пандемия жағдайында, клиенттерді қабылдау тек брон арқылы жүзеге асырылатын болса, Egov цифрлық бұрыштары қандай да бір себептермен компьютерге кіре алмайтын адамдарға мемлекеттік қызметтерді алуға көмектеседі. Бұл өте ыңғайлы. Сонымен қатар, қазір жоғары оқу орындарына түсу кезеңі. Сондықтан біз жоғары оқу орындарының аумағында цифрлық бұрыштарды іске қосуды да жоспарлап отырмыз", – деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының елордалық филиалының директоры Мәди Саданов. 

Нұр-Cұлтан қаласындағы egov бұрыштарының мекенжайлары: 

"Нұр-сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты " ММ

Қабанбай батыр даңғылы, 33

"Нұр-сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" ММ

Тәуелсіздік даңғылы, 7

"Нұр-сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданы әкімінің аппараты"ММ

Отырар к-сі, 5

"Нұр-сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сарыарқа даңғылы, 13

Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Қабанбай батыр даңғылы, 33

Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Ахмет Жұбанов к-сі, 16

Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Шәкен Айманов к-сі, 6

Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Республика даңғылы, 52

"Жанұя" отбасын қолдау орталығы

"Marden" БО, Бейбітшілік, 14

"Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығы

Тұран даңғылы,24, 2 қабат

   

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив