Қазақстанда мыңға жуық Egov бұрышы ашылады

Қазақстанда мыңға жуық Egov бұрышы ашылады

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы қылу үшін ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын алты жүзге жуық egov бұрыштары жұмыс істейді. Таяу арада тағы 400 бұрыш ашу жоспарланған. Онда компьютері немесе интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өздігінен ала алады. Бұрыштар облыс әкімдіктері, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.

       Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, коронавирус инфекциясының қауіпі сейілмегендіктен, оның ХҚО-да таралмауына ерекше назар аударған жөн. «Сондықтан біз халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмау және вирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар нақты шараларды қабылдадық. Енді қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарында онлайн түрде қолжетімсіз «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен онлайн рәсімделген өтініштердің дайын нәтижесін ала алады. Бұл ретте, ХҚО-ға баратын уақыт аралығын алдын ала брондау қажет. Қазақстандықтар электронды қызметтерді өз бетінше үйде, кеңседе немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады», – деді Балташева.

Сонымен қатар, ол аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалалардағы ХҚО ғимараттарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының бұрынғыдай жұмыс істейтінін айтып өтті. Ауылдық округтерде электрондық қызметтерді жергілікті әкімдіктер ғимаратында орналасқан egov бұрыштарында өз бетінше алуға болады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта egov.kz порталындағы виртуалды көмекшінің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға және азаматтардың мобильді базасында тіркелуге болады. Егер портал қызметі бойынша сұрақтар туындайтын болса, қызмет алушы 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің кеңесін ала алады.

Айта кетейік, азаматтардың келесі үш санаты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында бұрынғыдай ала алады. Олар да кезек уақытын алдан ала брондауы тиіс.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив