«YNTYMAQ» кәсіподағы: «TрубРемОрталық» ЖШС жұмысшыларының ұжымдық талаптары қанағаттандырылды

«YNTYMAQ» кәсіподағы: «TрубРемОрталық» ЖШС жұмысшыларының ұжымдық талаптары қанағаттандырылды

Жаңаөзендегі «ТрубРемОрталық» серіктестігінде құрылған Келісім комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Жұмысшылардың негізгі талаптары қанағаттандырылды.  Бұл туралы ҚР кәсіподақтар федерациясының медиа орталығына «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағының төрағасы Қайрақбай Жаңабеков хабарлады. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 29 шілдесінде құбыр өнімдерін жөндеу және өндіру жөніндегі мамандандырылған кешеннің жұмыс берушілері жұмыс берушіге келесі талаптарды қойған: жалақыны өсіру, мереке күндеріндегі жұмыс үшін 50 АЕК -ке дейін сыйақы төлеу, кезекті еңбек демалысында денсаулықты сауықтыру төлемін төлеу. 

Бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен жұмыс берушімен бірге кәсіпорында жұмыс берушілердің, кәсіподақ мүшелерінің, Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен келісім комиссиясы құрылды. 

 «YNTYMAQ» орта және шағын кәсіпКерлік қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағының төрағасы Қайрақбай Жаңабеков құқықтық және консультациялық көмек көрсету үшін Жаңаөзенге аттанды. 

Келісім комиссиясының отырысы бірнеше күнге созылды.  6 тамызда кешке қарай еңбек дауы тараптары келесі мәселелер бойынша келісімге келді: ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап жұмыс беруші жұмысшылардың жалақысын 20 пайызға көтеруге міндеттеме алды (жыл басынан бері 31 пайыз), оңалту ақысы 50 АЕК мөлшерінде төленеді.  Сонымен қатар, келісім комиссиясының мүшелері қол қойған Хаттамада 2022 жылы негізгі тапсырыс беруші «Өзенмұнайгаз» АҚ атқаратын жұмыстарға тарифтердің өсуімен жұмыс беруші жалақының өсуін қарастыруға міндеттенетіні туралы шешім енгізілді. 

Осылайша,  «TрубРемОрталық» ЖШС ұжымдық еңбек дауы шешілді. 

«Келіссөздер қиын болды және бес күнге созылды. Салалық кәсіподақтың түсіндіру жұмыстарының арқасында бүгін тараптар келісімге келді. Кез келген күрделі мәселелерді келіссөз үстелінде шешу неғұрлым сындарлы екенін атап өтемін. ЖШС кәсіпорнының 150 жұмысшысының негізгі талаптары қанағаттандырылды », - деді Қайрақбай Жаңабеков. 

Жалпы, жыл басынан бері ҚР Кәсіподақтар Федерациясына мүшелік ұйымдардың қатысуымен қазақстандық кәсіпорындарда 50 -ден астам еңбек даулары шешілді, олардың көпшілігі еліміздің батыс облыстарда орын алды. 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының медиа орталығы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Ncncfj 4 июня 2022 20:34

    buy generic hydroxychloroquine 200mg - <a href="https://plaquepll.com/">order hydroxychloroquine 200mg pills</a> buy baricitinib 4mg sale

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив