Елорда тұрғыны көршісінің контейнерін ұрлап кеткен.

Елорда тұрғыны көршісінің контейнерін ұрлап кеткен.

      Көршілерінің үйінде жоқ сәтін пайдаланған ер адам, манипулятор көлігін жалдап, өзін үй иесі ретінде таныстыра отырып, үлкен металды қоқыс-контейнерін артып алып кеткен.

       Құны 800 мың теңге тұратын ұрланған контейнерді қала тұрғыны металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған.

     Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері  36 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрланған контейнер иесіне қайтарылды.

     Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған адамның  бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.  Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарына үйлер мен кіреберістерді бейнебақылау камераларымен жабдықтауды, есіктерді берік құлыптармен нығайтуды және пәтерлерді күзет дабылдарымен жабдықтауды ұсынады.

Нұр-сұлтан  қ. ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив