Полицейлер Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар оқу орталығында ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Полицейлер Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар оқу орталығында ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Қаскүнем жалпы сомасы 1 млн. 200 мың теңге болатын техниканы, атап айтқанда «LG» маркалы теледидар, «НР» маркалы принтер және микротолқынды пешті жымқырған.

Ер адамның түнгі уақытта терезені майыстыру арқылы оқу орталығына кіріп ұрлық жасағаны анықталды.  Бейнебақылау камерасына түсіп қалмас үшін ер адам  бет- жүзін жауып тұратын бас киім киген. Ұрланған заттарды таксиге тасыған, келесі көшеде күтіп тұрған такси жүргізушісі ештеңеден күдіктенбеген. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын бірнеше рет сотты болған 39 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдікті ұрлық жасағанын мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленіп оқу орталығына қайтарылды. Сондай-ақ, оның  бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне объектілерін күзет дабылымен  жабдықтауды ұсынады.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив