ӨСКЕМЕН, СЕМЕЙ ҚАЛАЛАРЫНДА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ ӨТТІ

ӨСКЕМЕН, СЕМЕЙ ҚАЛАЛАРЫНДА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ ӨТТІ

 

Шығыс Қазақстан облысында 2 күнге жоспарланған конкурстық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған іріктеуге арнайы комиссия құрылып, құрамына «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері кірді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 1-20 маусым аралығында 2021-2022 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға конкурстық іріктеу өткізетіні жөнінде хабарлаған болатын.

Шығыс Қазақстан облысында конкурстық іріктеу Өскемен, Семей қалаларында облыстық мамандандырылған IT  мектеп-лицейінің және дарынды балаларға арналған Ш.Уалиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының базаларында жүзеге асырылды.

Мамандандырылған мектептерге конкурстық іріктеуді өткізу кезінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Э. Нурсеитова, «Семей – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д. Даирова бақылау жүргізді. Сондай-ақ, комиссия құрамында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімі жетекшісі А. Каркулова, Ақпараттық технологиялар және зияткерлік іс-шараларды цифрландыру бөлімінің жетекшісі А. Омашев, «Nur Otan» партиясы ШҚОФ төрағасының орынбасары А. Байжанова, Шығыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің хатшысы Ф. Мамырбаева бар.

Емтихан өтетін мектептерде бейнебақылау камералары жұмыс істеді. Бейнебақылау камерасының сілтемесі орталықтың ресми сайтында орналасқан. Кез-келген азамат тестілеу барысын бақылай алады.

Конкурстық іріктеуге төртінші, бесінші, алтыншы сыныптарды бітірген оқушылар қатысты. Конкурстың тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалған. Мамандандырылған мектептерге түсушілер үшін толық ақпарат qabyldau.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Конкурстың қорытынды нәтижелері конкурстық комиссияның хаттамасымен рәсімделеп, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының qabyldau.daryn.kz сайтында және мамандандырылған білім беру ұйымының сайтында конкурс өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей орналастырылады. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес ең жоғары балл санынан алынады. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив