Сотталғандарға ашық сабақ өтті

Сотталғандарға ашық сабақ өтті

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген орта білімі жоқ 9 соттаған кешкі мектепте білім алуда.

Білім алушы азаматтарға бекітілген кестеге сәйкес, Шиелі аудандық кешкі мектеп мұғалімдері сабақ береді. Бүгін осы азаматтарға Химия және Құқықтану пәнінен ашық сабақ өтті. «Тұздар. Тұздардың қасиеттері және алынуы» тақырыбындағы ашық сабақты химия пәні мұғалімі Құралай Өтепбергенқызы жүргізді. Пән мұғалімі алдымен тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері мен қолданылуын түсіндірді.

 Сабақ барысында жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып,  ақпараттық технологияның мүмкіндіктері көрсетіліп, ой қозғау стратегиясы бойынша сотталған азаматтардың пікірі тыңдау арқылы сұрақтарға жауап алынды. Сабақ өте жақсы өтті. Сабақ соңында «Тұздар» тақырыбындағы алған білімдерін пысықтап, қорытынды бөлімде «Постер әдісі» арқылы  берілген тапсырмаларды еш қиындықсыз орындап шықты. Сабаққа қатысқан азаматтардың пән бойынша қызығушылықтары арта түсті.

Одан соң «Еңбек шарты қандай құқықтарымен міндеттерді туындатады» тақырыбында тарих пәні мұғалімі О.Әділбековтің ашық сабағы өтті. Пән мұғалімі еңбек шарты, еңбек шартына қол қою, еңбек шарты негізінде жұмыскерді жұмысқа алу туралы толық мәлімет берді. Сотталғандармен кері байланыс орнатып, «Өрмекші торы» әдісі арқылы сұрақтар беріп, өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, сабақтан алған білімдерін  тиянақтап пысықтады.

Пән мұғалімдері сабақты қорыта келе сабаққа белсене қатысқан оқушыларды  жақсы бағамен бағалады.

«Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №516 бұйрығында сотталғандарға негізгі орта,бастауыш, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім алу туралы көрсетілген. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі сотталған азаматтар орта білім алуға міндетті деп көрсетілген. Қазіргі таңда 9 сотталған орта білім алып жатыр. Мекеменің  ішкі күн тәртібіне сәйкестендіріп, сотталғандардың сабақ кестесімен, оқу жоспары құрылған. Қазіргі уақытта оқытушылар офлайн форматта сотталғандарға  білім беруде»,- деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Қ.Дайрабаев. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив