Қызылордада түзеу мекемесіндегі 75 сотталған кәсіптік мамандыққа қабылданды

Қызылордада түзеу мекемесіндегі 75 сотталған кәсіптік мамандыққа қабылданды

 Білім – адамзат дамуының және өзіндік тұлғасының қалыптасуының негізі болып саналады.

Бүгін 1 қыркүйек - Білім күніне орай,  Қызылорда қаласындағы  ЗК-169/5 мекемесінде  онлайн режимінде шара өтті. Мекемедегі сотталғандар арасында кәсіптік маман иесі атанғысы келген 75 азамат 2020-2021 оқу жылына үш мамандық бойынша (ағаш ұстасы, тігінші, газэлектрдәнекерлеуші)  өтініш білдірген болатын.

Осы азаматтарға  М.Ықсанов атындағы «Қызылорда құрылыс және бизнес» және «Қызмет көрсету және сервис» колледжінің  оқытушылары алғашқы дәрісті  онлайн түрде өткізді. Сотталған азаматтарды жаңа оқу жылымен құттықтаған   колледж оқытушылары әр адам өз бойындағы қадір – қасиетін бағалап, өз өмірін түзеуге болатынын, ол үшін адал еңбек етіп, арлы, ақылды болуы керек деді. Ендеше өмірге оң көзқараспен қарап, түзелу жолына түсіп, білім алу өздерінізге байланысты,  жаңа оқу жылында жақсы жаңалықтарымыз көп болсын деп  сәттілік тіледі.

Алдағы уақытта осы азаматтар  бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, интернет желісі қосылған   арнайы кабинетте онлайн режимінде білім алады. 

Жаңа оқу жылының басталуына өз ықылас-тілектерін білдірген сотталған азаматтар да  құттықтаулар айтты. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив