СҚО Полиция департаменті музейінде Жеңіс күніне арналған онлайн-экскурсия өтті

СҚО Полиция департаменті музейінде Жеңіс күніне арналған онлайн-экскурсия өтті

Солтүстікқазақстандық полиция музейіндегі төрт залдың біреуі толығымен Ұлы отан соғысының майдангер-милиционерлері мен Ауғанстан соғысының қатысушыларына арналған. Жеңіс күні мерекесіне орай музей меңгерушісі отставкадағы милиция подполковнигі Любовь Осинская Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Сән Жұмағазинамен бірлесе мемлекеттік және орыс тілдерінде гитлерлік әскерді талқандауға үлестерін қосқан облыстың ІІО қызметкерлерінің ерліктеріне арналған онлайн-экскурсияны өткізді.

Ұлы Отан соғысына 800-ге жуық солтүстікқазақстандық милиционер қатысты. 26 майдангер музейге өздері үшін аса қымбат майдан жәдігерлерін табыс еткен және оларды қазіргі уақытта музей экспозияларынан көруге болады.

Әр экспонаттың өз тарихы бар.  Майдан гимнастеркасы және трофей ретінде олжаланған неміс компасы - бұл заттар жаяу әскер Павел Лапшиннің жауынгерлік жолынан сыр шертеді.  Шайқаста көрсеткен ерлігі үшін ол Ұлы Отан соғысының I дәрежелі орденімен, "Жауынгерлік ерліктері үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталды. Бейбіт күнде өмірінің 28 жылын құқықтық тәртіп органдарындағы қызметке арнады. Кавалерия қатарына соғыс басталмай тұрып келіп, кейін берлиндік үй қабырғаларының біріне: "Петропавловск, Аксенов,  Казахстан" деген жазба қалдырған Василий Аксеновтің өз қолымен жасаған картасынан кавалерия дивизиясының жүріп өткен жауынгерлік жолын көруге болады. Ол Ұлы Отан соғысы орденінің толық кавалері, екі мәрте Жауынгерлік қызыл ту орденінің кавалері, "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен, Польша халық республикасының екі медалімен марапатталған. 1957- 1977 жылдар аралығында милицияда қызмет етті. Музейге гимнастеркасын, өкшелігін, офицерлік планшеткасын, сондай-ақ соңғы киген милиция полковнигінің нысанды киімін табыс етті.

"Кез-келген музейдің мақтанышы - түпнұсқа жәдігерлер,  бізде мақтанарлықтай жәдігерлер баршылық, - дейді Любовь Осинская. - Ішкі істер органдары майдангерлері мен ардагерлерінің өмірі мен ерліктері фотосуреттер,  марапаттар,  құжаттар мен жеке заттар сияқты 500-ге жуық түпнұсқа жәдігерлерден көрініс табады. Карантиндік шектеулерге байланысты экскурсияларды бірнеше рет онлайн режимінде өткізіп отырмыз.  Әлеуметтік желілерде жәдігерлердің суреттері жарияланып тұрады-  бұл да қашықтықтан өткізілетін экскурсияның бір түрі.  Әзірге Жеңіс күніне қатысты естеліктермен және өңіріміздің тарихымен тек интернет аркылы таныстыра аламыз. Шектеулер алынып, келушілер есігімізді қайта ашып кіретін күнді асыға күтудеміз, себебі музей бір сәтке тарихпен жүздесуге мүмкіндік береді".

Республикадағы полиция музейлерінің ішіндегі үздік мүзейлерінің біріне жасалған қырық минуттық онлайн-экскурсияның жазбасын СҚО Полиция департаментінің Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан көруге болады. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив