Бауыржан Момышұлы ескерткіші алаңында туған жердің топырағын Волгоград қаласына жөнелту рәсімі өтті

Бауыржан Момышұлы ескерткіші алаңында туған жердің топырағын Волгоград қаласына жөнелту рәсімі өтті

16-сәуір күні Бауыржан Момышұлы ескерткіші алаңында туған жердің топырағын Волгоград қаласына жөнелту рәсімі болды. Бұл шара Ұлы Отан соғысындағы ең ірі – Сталинград шайқасындағы жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. 

Осы шайқасқа Ақмола аумағында құрылған қазақстандық 459 және 387-ші атқыштар дивизиясы қатысып, Сталинград қаласын ерлікпен қорғағаны тарихтан белгілі.

         Туған жердің топырағы арнайы салынған капсуланы жөнелту рәсіміне Астана қаласының ІІД-нің қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен олардың туысқандары, жауынгер-интернационалистер, Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы, Астана қаласының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.

ІІО және ҰҰ адагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков салтанатты шарада Отанды жаудан қорғау үшін Ақмола жерінен майданға көп адам аттанғанын әңгімелеп, олардың ерлік істеріне тоқталды. «Ата-бабаларымыздың баға жетпес ерлігі мен патриоттық сезімдері біздің бойымызда, біз Ұлы Жеңіс жауынгерлерінің бірегей ерлігі туралы естелікті жадымызда сақтаймыз» деп атап өтті Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков.

 ҚР Қарулы күштері «Ардагерлер Одағы» төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Сералыұлы Нағұманов «Ұлы Отан соғысы тарихынының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан  2  миллионға жуық адам әскер қатарына шақырылды. Сұрапыл соғыстағы аса ірі шайқастардың бірі Сталинград түбіндегі шайқас екінші дүниежүзілік соғысты түбірінен өзгертіп Кеңес одағы әскерлерінің фашистік Германияны жеңудегі алғашқы қадамдары болып тарихта қалды. Сол Сталинград түбіндегі шайқасқа қазіргі Астана кезіндегі Ақмола қаласында атқыштар дивизиялары құрылып майданға аттанған болатын». 

Сталинград үшін шайқасқан батырлардың туыстары  да қатысқан. Солардың бірі Талғат Кенжебекұлы Исмагулов.  

Таяуда «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі 27 сәуірде Ресейде Сталинград қорғаушылары – Қазақстаннан барған жауынгерлерге арналған граниттен жасалған ескерткіштің ашылу салтанатына шақыру алған болатын.  

«Генералдар кеңесі» РҚБ делегациясы туған жердің топырағын Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы «Мамаев қорғаны» мемориалына орнатылған аталған ескерткішке қоюды жоспарлап отыр.

 

Астана қ. Ішкі істер департаментінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив