ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҚ

ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҚ

Бұл туралы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Нұржан Есенгелдіұлы мәлімдеді.

Сонымен қатар, Басқарма басшысы 2020 жылы атқарылған шаралармен бөлісіп, қойылған сауалдарға жауап берді.

«Былтыр, яғни 2020 жылы басқарма сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 3 семинар-кеңес өткізді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Ақпараттың негізгі көздері басқарманың қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер стандарттары және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен басқарманың ішкі актілері. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесінде ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарында және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде заңға қайшы фактілер анықталған жоқ. Сондай-ақ, басқарма 2020 жылдың қазан-қараша айларында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне аталған бағыттар: басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және басқарма қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша сыртқы талдау жүргізді. Басқарма үнемі сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды, атап айтқанда: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты барлық шектеулер мен тыйымдар туралы, мүдделер қақтығысына жол берілмейтіндігі және міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндіру шараларын жүзеге асырады»,-дейді Нұржан Есенгелдіұлы.

Эфир соңында жобалық кеңсе жетекшісі Маржан Бахытқызы Дін істері басқармасының жүргізіп жатқан жұмыстарының оңай емес екендігін атап өтіп, басқарма жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив