«Жас сарбаз» тәрбиеленушілері ғарышқа бір қадам жасады

«Жас сарбаз» тәрбиеленушілері ғарышқа бір қадам жасады

Осыдан 60 жыл бұрын қазақ жерінен қадам жасап, адамзат баласы ғарыш кеңістігін бағындырды.  Бұл, 12 сәуір болатын. Осы уақыттан бері бұл күн - Ғарыш күні болып аталып өтіліп келеді.   

Осыған орай, 2021 жылдың 12 сәуірі күні ҚР ҚК Ұлттық әскери – патриоттық орталығында, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ ұйымдастыруымен,  Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің «Астана Жастары» КММ және Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен, тұңғыш қазақстандық ғарышкердің аспан әлемін бағындырғанына 30 жыл толуына байланысты «Ғарышқа жол» деген атаумен іс-шара өткізілді.         

Шара аясында, «Ерлік сабағы: кітапқа жазылмаған тарих» атауымен «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерінің патриоттық рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілігі мен сезімін қалыптастыратын ерлік сабағы өткізілді.

Ерлік сабағының батырлары, қонағы, жер мен көктің арасын жалғап, ғажап әлемнің куәгерлері болған, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, ҚР авиациясының генерал-лейтенанты, «Халық қаһарманы» - Талғат Мұсабаев, қазақ ғарышкері, ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері генерал-майоры Айдын Айымбетов болды. 

«Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері қонақтарымыздың мағыналы әрі қызықты әңгімелерін ерекше ықыласпен тыңдап, ғарыш тарихымен, қызықты оқиғаларымен терең танысып, өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, «бүгінгі күннің батырларымен» емен-жарқын сөйлесуге мүмкіндік алды.

Іс-шарада сондай-ақ "Жас сарбаз" Елордалық филиалының төрағасы Налшыбек Асхат сөз сөйледі. Ол өз кезегінде "Жас Сарбаз" тәрбиеленушілерінің атынан ғарышкерлерге атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, оларға мықты денсаулық және ашық аспан тіледі. Салтанатты сөзден кейін Налшыбек Асхат ғарышкерлерге барлық жас сарбаздардан естелік сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде «Жас Сарбаз» балалар студиясы қонақтарымызға ән шашу тарту етіп, кездесудің соңы әсерлі нотамен аяқталды.

Сонымен қатар, кездесудің соңында қонақтарымыз арнайы ғарыш күніне орай, ҚР ҚК Ұлттық әскери мұражайында ашылған «Ғарышқа жол» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.         

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив