Өскемен қаласында заңсыз есеп шоттарды жазып берумен айналысқан тағы бір ұйымдасқан топтың жолы кесілді

Өскемен қаласында заңсыз есеп шоттарды жазып берумен айналысқан тағы бір ұйымдасқан топтың жолы кесілді

           ҚР ҚМА ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпестен шот-фактура жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс тергеуді аяқтады.

         Тергеу жұмыcтарын жүргізу барысында Өскемен қаласы тұрғынының 2017-2019 жылдар аралығында бірнеше жалған кәсіпорынды өзінің таныстарына тіркей отырып, жалған бухгалтердік құжаттарды жазып берумен айналысқаны анықталды. Бұл кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін автокөлік, үй - жай, өндірістік техникалық базасы,  қызметкерлер штаты болмаған.

         Сондай-ақ жалған фирмалардың басшыларының ешқайсысы қаржы шаруашылық мәселелерімен айналыспаған, бухгалтерлік есеп жүргізбеген, салық есептерін тапсырмаған.

Шындығында фирмалар қылмыстық іс әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданылған, контрагенттерге салықтан жалтару үшін жалған есеп шоттарды жазып берумен айналысқан.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың осы жылдар аралығында сатып алушы контрагент кәсіпорындардан төнебеген салық түрінде мемлекетке 1,5 млрд. теңге сомасында шығын келтірілген.

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ҚР ҚК 262 бабы 1-б. және 216 бабының, 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.


[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив