Өскемен қаласының тұрғыны ақша қаражаттарын заңсыз қолма қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды

Өскемен қаласының тұрғыны ақша қаражаттарын заңсыз қолма қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды

 

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті  іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазып беру бойынша заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асыру фактісінің жолын кесті.  

Өскемен қаласының тұрғыны 2017-2018 жылдар аралығында жалған бухгалтердік құжаттарды жазып берумен айналысқан, заңсыз қызметтен мемлекетке төленбеген салық түрінде 1,5 млрд. теңгенің шығыны келтірілген.

     7 кәсіпорынды өзінің туысқандары мен сенімді тұлғаларына жалған тұлғаларға тіркей отырып, құрылтай құжаттары мен мөрлерді, есептік бақылау машинкаларын, ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуге қою туралы куәлікті, электронды түрде салық органдарына есеп тапсыру үшін «криптокілттерді» өзіне қалдырып отырған.

Жалған фирмалардың басшыларының ешқайсысы қаржы шаруашылық мәселелерімен айналыспаған, бухгалтерлік есеп жүргізбеген, салық есептерін тапсырмаған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мүлік пен қызметкерлердің штаты болмаған.

Шындығында фирмалар қылмыстық іс әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданылған, контрагенттерге салықтан жалтару үшін жалған есеп шоттарды жазып берумен айналысқан.

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 216 бабының 2,3 бөліктерімен, 245 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, сотталушының зейнеткерлік жасы ескеріле отырып, шартты түрде 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив