Елорданың № 3656 әскери бөлімінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша кездесу өткізілді

Елорданың № 3656 әскери бөлімінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша кездесу өткізілді

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі әскери полиция қызметінің бастамасымен ҚР Ұлттық ұланының № 3656 әскери бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кездесу өткізілді.

Іс-шарада спикер ретінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Диас Қозыбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдин сөз сөйледі.

Диас Қозыбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтып, Агенттік жұмысының басым бағыттары түсіндірді. Сондай-ақ, елорда аумағында жүзеге асырылып жатқан «Астана-адалдық алаңы», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы», «Protecting Business and Investments» және т.б. жобалар жүзеге асырылғандығы, сондай-ақ қатысушылар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығының жұмысы туралы хабардар етілген.

Шыңғысхан Қожахметов елордалық департамент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-ағарту штабының жұмысы және қоғамда ізгілік идеологиясын ілгерілету жөніндегі жаңа бастамалар туралы айтып берді.

Сонымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Парасат жолы» («Дорога добропорядочности») атты бірлескен жобасы аталып өтілді, жоба облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанынан «Адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

«Парасат жолы» орталығының мақсаты - ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда ізгілік идеологиясын ілгерілету.

Айбек Қабылдин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық практикасы туралы айтып берді, қоғамда парасаттылық мәдениетін арттыру бойынша шет елдердің табысты тәжірибесін және Финляндия, Дания, Жапония, Канада және т. б. елдерді қамтитын қолжетімді нәтижелерді ұсынды.

Жалпы, қатысушылар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша өзекті мәселелерді және тиімді шешу жолдарын талқылап, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив