Қызылордада түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғанның анасына отынын жарып көмектесті

Қызылордада түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғанның анасына отынын жарып көмектесті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері әлеуметтік аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті. Олар жалғыз басты қарт ананың отынын жарып, ауласын тазалап берді және өз қаржыларына азық-түлік сатып әперді.

А. есімді азаматша 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана. Қызын тұрмысқа беріп, енді балаларымның қызығын көремін деп отырған шағында жалғыз ұлы қателікпен аса ауыр қылмыс жасап, соттың үкімімен 11 жыл мерзімге бас бостандығынынан айыру жазасына сотталған. Қазіргі таңда ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуде. Өлместің күнін кешіп отырған ананың жағдайынан хабардар болған мекеме әкімшілігі азаматтық борышын орындап, қайырымдылық ізгі шара жасауды  дұрыс деп тапқан.

«Біз түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан әрбір сотталғанның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайынан хабардармыз, әрқашан зерттеп, сотталғандардың өздерімен сұхбаттасып отырамыз. Біздің мекемемізде аталған жазасын өтеушінің жағдайын естіп, бей-жай қала алмадық. Мекеме қызметкерлерімен ақылдасып, қолымыздан келген көмегімізді көрсетуді жөн деп таптық. Ең қызығы, мекеме қызметкерлері де жұмыстарының қауырттығына қарамастан, ұйымдасып, көмектерін көрсетіп жатыр», - деді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Ж.Есмаханов. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив