АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаматтардың, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарға қатысты конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кездесуге өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, облыс прокуратурасының, аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және облыстық Полиция департаментінің басшылығы мен өкілдері қатысты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік ведомствоның басшысы Мұрат Төлеубаев атап өткендей, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау құқық қорғау органдарының қызметінде бірінші кезекте маңызды болып табылады, бұл, әрине, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейіне әсер етеді. Әрбір қылмыстық істің артында адамдардың тағдыры тұр.

«Қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған азаматтарды азаптауға және оларға қатыгездікпен қарауға жол бермеу мәселелері бүгінгі күні өзекті және маңызды болып қалуда», - деді Мұрат Төлеубаев.

Кеңес барысында облыс прокурорының орынбасары Бекжан Ермұханбетұлы құқық қорғау органдарының белсенді өзара іс-қимылының, сондай-ақ қызметкерлердің қылмыстарды ашуға және бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізуге кедергі келтірмеуінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ҚАЖД және полиция департаментінің өкілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде азаптауды қолдану бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сөз сөйледі. Құқық қорғау органдары лауазымды адамдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізудің рұқсат етілмеген әдістеріне жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар істерді тергеудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаптауды қолдану фактілері бойынша келіп түскен шағымдар мен арыздардың санын азайту жөніндегі шараларды жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

Атап айтқанда, құқық қорғау және қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа тексеру үшін мониторингтік топтар құру, пенитенциарлық мекемелер мен қызметтік үй-жайларда жаппай бейнебақылау енгізу мүмкіндігін қарастыру, ұсталғандарды уақытша ұстау изоляторына және сотталғандарды түзеу мекемелеріне қамаудың алдында оларда дене жарақаттарының болуына не болмауына медициналық куәландыру жүргізу ұсынылды.

Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы қабылдаған Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңға сәйкес бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы түзетулер енгізілді, атап айтқанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапкершілік күшейтілді. Сондықтан, кездесуде қаралған мәселелер мен әзірленген пәрменді шаралар құқық қорғау жүйесі органдары лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттер жасау алғышарттарын жоюға ықпал етеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив