АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ВЕТИНСПЕКТОР ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ВЕТИНСПЕКТОР ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында бейнеконференцбайланыс арқылы өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушылар Көкшетау қаласының мемлекеттік санитариялық инспекторларының біріне қатысты қылмыстық іс аясында ҚР ҚПК 200-бабының тәртібінде енгізілген ұсынуды қарады.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу барысында мемлекеттік қызметші міндетті тауарға ілеспе және рұқсат беру құжаттамасынсыз базар аумағында етті кедергісіз сатқаны үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алғаны анықталды.

Жоғары тұрған басшылықтың тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, ветеринария саласындағы заңнаманың және басқа да бірқатар заңнамалық актілердің талаптарын толық елемеу, ҚР заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің болмауы осы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал етті.

Кездесу барысында аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарды түсіндіріп, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды тиісті түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Биылғы жылы ветеринариялық бақылау саласындағы бірнеше рет анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері тиісті емес алдын алу жұмыстарын және басшылық тарапынан бағыныштыларға бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Ветеринариялық қызмет мамандары өз іс - әрекеттерінің халықтың азық-түлік қауіпсіздігі үшін қауіпті салдарын сезінуі, ал олардың басшылары қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтамағаны үшін жеке жауапты екенін түсінуі тиіс», - деді Мұрат Төлеубаев.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив