«Қазсушар» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалының мамандарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша семинар

«Қазсушар» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалының мамандарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша семинар

 

Ағымдағы жылғы 03 қарашада «Қазсушар» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалының мамандарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Набиев онлайн семинар өткізді.

Семинар барысында Ренат Набиев Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларына енгізілген соңғы өзгерістерді мамандардың назарына жеткізді.

«Ағымдағы жылғы қазан айында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған. Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды.

Сондай-ақ, заңда туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтер құруға және т.б. бағытталған нормалар көзделген» - деп атап өтті Ренат Набиев.

Семинар соңында семинарға қатысушылар өзара пікір алмасты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив