ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Antikor.live» жобасына қатысты

ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Antikor.live» жобасына қатысты

Ағымдағы жылдың 28 қазанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Экономикалық тергеу департамент басшысы Т.Қайыпберген «Antikor.live» жобасына қатысты.

 

Тікелей эфир барысында Талғат Қайыпбергенұлы Департаменттің Шығыс Қазақстан облысы аумағында көлеңкелі экономикаға қарсы атқарып жатқан шаралары туралы баяндады.

«Ағымдағы жылы Департаменттің қарауында өнідірісінде 194 қылмыстық іс болды, оның 113 аяқталып, сотқа 96 қылмыстық іс жолданды. Мемлекетке 3 млрд. астам шығын қайтарылып, 430 миллион теңгенің мүлкіне тоқтам салынды.

Жалған есеп шоттарды жазып беру және ақша қаражаттарын криминалдық қолма қол ақшаға айналдыруға қарсы тұруға бағытталған «STOP-ОБНАЛ» жедел іздестіру шаралары барысында 39 қылмыстық іс тіркелді, заңсыз ақша айналымы облыс бойынша 26,1 %-ға төмендеді.

Жүргізілген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде заңсыз қаржы операцияларымен айналысқан ұйымдасқан 4 қылмыстық топ құрықталды, екі фактіден шетелден ақша қайтармау және қаржы пирамидасы ашылды. Бюджет қаражатын талан таражға салумен байланысты 15 қылмыстық іс тергелуде,- деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ қылмыстық процесске қатысушылардың конституциялық құқықтарын сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға: «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында тергеу процессінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Департаментте ашық жауап алу кабинеттері жабдықталды. Олар бойынша жауап алынғандардың жақындары процессті басынан аяғына дейін қадағалай алады» деп баса назар аударды.

Сонымен қатар желі қолданушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы, оның ішінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталып жатқан шаралар туралы айтып өтті.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив