ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫНДА АҚТӨБЕЛІК АУРУХАНАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ

ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫНДА АҚТӨБЕЛІК АУРУХАНАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ

 

 Ағымдағы жылдың 22 қазан күні Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент және «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері аурухана – емханалардың пандемияның екінші толқыны жағдайындағы дайындық барысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

         Жұмыс тобы алғашқы болып Ақтөбе медицина орталығында болды. Медицина орталығының қоймасын көріп, дәрі-дәрмектер қорының жағдайымен танысты. Мәселен, «СК – Фармация» екі айлық қоры есебінде сатып алған 37 түрлі дәрілердің барлығы бүгінгі күні қаладағы ауруханалардың қоймасында болуы қажет.

         Алайда мониторинг барысында медицина орталығының қоймасында 8 түрлі дәрілердің жоқтығы анықталды. Атап айтсак, Цефтазидим, Имипинем, Фамотидин, Магния сульфат, Ибупрофен, Тоцилизумаб, Хлоропирамин, моксифлоксацин.

         Келесі кезекте облыстық инфекциялық ауруханасының жағдайымен танысты. Аталмыш аурухананың дәрілер қоймасында 37 атаудың 6 түрі анықталмады. Нақтырақ айтқанда, Надропарин, Фамотидин, Допамин, Амоксициллин, Эноксапарин, Тоцилизумаб.

         Үшінші кезекте мониторинг тобы Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығында болды. Бұл жердегі дәріхана қоймасында 37 атаудың 2 түрі жоқ болып шықты. Олар: Ремдесивир және Тоцилизумаб препараттары.

         Екінші жұмыс тобы Қарғалы қалалық ауруханасында мониторинг жұмыстарын жалғастырды. Бұл жердегі дәріханада белгіленген тізімдегі дәрі-дәрмектердің 9 түрі жоқ. Олар: Цефуроксим, Имипенем-Циластатин, Надропарин,Хлоропирамин,Ванкомицин,Дексмедетомидин, Моксифлоксацин, Ремдесивир, Тоцилизумаб.

 

         Жобалық кеңсенің аталмыш бағыт бойынша атқарған жұмыстары республикалық «31 телеарнасы», облыстық «Aqtobe» және қалалық «Рика» телеарнасының жаңалықтарында жарық көреді. Сонымен қатар адалдық алаңының instagram желісінің ресми парақшасының тікелей эфирінде түсірілді: https://instagram.com/aqtobe_adaldyq_alany?igshid=1ukisz7ysltdw

  

     «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив