АЗАМАТТАР ҮШІН АШЫҚ БЮДЖЕТ

АЗАМАТТАР ҮШІН АШЫҚ БЮДЖЕТ

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Antikor ortalyǵy» сервис орталығының алаңында Ашық бюджеттердің интерактивті картасының жұмысын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

         Департаменттің аға офицері Медет Тұрыбаев Рublicbudget.kz порталында бюджет қаражаты туралы ақпаратты орналастыруға жауапты өңірдің мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін жобаның негізгі міндеттері мен мақсаттары туралы ақпараттандырды.

         Семинар барысында қатысушыларға Ашық бюджеттердің интерактивті картасымен жұмыс істеуге үйрететін бейнематериал көрсетілді.

         Спикер өз сөзінде атап өткендей, жоба қоғамдық ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету, мемлекеттік билікке деген сенімді арттыру, сондай-ақ билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалогтық тұғырнамасын құру үшін құрылған. Карта нақты уақыт режимінде республиканың, оның ішінде Ақмола облысының әлеуметтік объектілерін салуға, жөндеуге және ұстауға бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей- тегжейлі мәліметтерді көрсетеді. Сервис өнім берушілер, бөлінетін сомалар, құрылыс мерзімдері, кепілдік міндеттемелер, құрылыс егжей-тегжейі бойынша ақпаратқа қол жеткізуді ашады.

         «Айта кету керек, бүгінгі таңда порталда ұйымның 1600-ден астам бюджеті орналастырылған. Дегенмен, интерактивті жұмыстың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жауапты қызметкерлерге ұйымдардың бюджеті туралы өздері толтыратын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына ерекше назар аудару қажет», - деп атап өтті Медет Тұрыбаев.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив