Халықаралық жемқорлыққа қарсы стандарттарға бір қадам жақын

Халықаралық жемқорлыққа қарсы стандарттарға бір қадам жақын

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов бастаған Қазақстан делегациясы Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 85-ші пленарлық отырысының ашылуына онлайн режимде қатысты. Іс-шара 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

Кездесуді ашқан ГРЕКО Президенті Марин Мырчело Қазақстанға жаңа 50-ші мүше ретінде қошемет көрсетті. Өз кезегінде Олжас Бектенов отырысқа қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.

ГРЕКО аясындағы белсенді жұмыстың маңыздылығын Президент Қ. Тоқаев ағымдағы жылғы 19 тамызда өткен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес барысында және 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.

ГРЕКО қатысушы елдердің жемқорлыққа қарсы тетіктерін осы саладағы танымал халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан өзара мониторинг жүргізу арқылы жетілдіру бойынша өз миссиясын іске асыруда. 2021 жылы ұсынымдар әзірлене отырып, Қазақстан алғаш рет бағалатын болады.

Осы беделді еуропалық ұйымның ұсынымдарын орындау Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жаңа деңгейге шығаруға серпін береді.

ГРЕКО жұмысына белсенді қатысу Еуропа Кеңесінің жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясын және басқа да бірқатар маңызды халықаралық шарттарды одан әрі ратификациялауға мүмкіндік береді.

ГРЕКО-ға мүше болу қылмыскерлерді экстрадициялау, шетелге шығарылған активтерді қайтару бөлігінде шетелдік серіктестермен диалогты нығайтады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив