Коллекторлар мен жеке сот орындаушыларының қызметін тексеру нәтижелері туралы

Коллекторлар мен жеке сот орындаушыларының қызметін тексеру нәтижелері туралы

 

Азаматтардың өтініштері жиілеуіне байланысты, прокуратура органдары жеке сот орындаушыларының қызметіне тексеру жүргізді, сондай-ақ коллекторлардың қызметіне талдау жасады.

Тексеру және талдау нәтижелері бойынша коллекторлық агенттіктердің ЖСО-мен бірлесіп борыштарды заңсыз өндіріп алу схемасы болғаны анықталды.

Коллекторлар өздерінің үлестес тұлғаларына жеке сот орындаушыларының лицензиясын алып отырған.

Нәтижесінде олар арқылы берешекті өндіріп алу үшін ЖСО ақпараттық базасына (атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне) және шектеусіз құқықтық тетіктерге (мүлікке тыйым салу және сату, шығуға шектеу қою, банктік шоттарға қол жеткізу және басқалары) қол жеткізген.

Сонымен қатар, сот орындаушыларының базасы мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылады, онда ЖСО барлық атқарушылық әрекеттерді жасайды. Онда тараптардың жеке деректері бар, оған бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған.

Тек Алматы қаласында «өздерінің» ЖСО ЭЦҚ кілттерін пайдалана отырып, коллекторлар сот орындаушылар базасына 200 мыңнан астам рет кіріп, онда борышкерлер туралы мәліметтер жинаған. Мұндай әдістерді Алматы қаласының 35 коллекторлық агенттігі қолданған.

ЖСО-ға берілген айрықша құқықтарды пайдалану мүмкіндігін бергені үшін жосықсыз сот орындаушылары ай сайын 250-300 мың теңге көлемінде сыйақы алып отырған. 

Тексеру қорытындысына сәйкес Бас прокуратураның ұсынысы бойынша Республикалық ЖСО палатасынан 18 сот орындаушысы шығарылды.

Аталған саннан 2 ЖСО лицензиялары күшін жойды, ал 1 лицензия тоқтатылды, қалғандары бойынша талап қою жұмыстары жалғасуда.

Жүйелік әкімші олардың АІО ААЖ ақпараттық базасына кіруін бұғаттады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив