ҰБТ кезіндегі академиялық адалдық мәселесі қарастырылды

ҰБТ кезіндегі академиялық адалдық мәселесі қарастырылды

2020 жылғы 17-20 тамыз аралығында ШҚО-да С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде кезекті ҰБТ өткізіледі. Аталған тестілеу ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл жинай алмаған, наурыз айында ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген, сондай-ақ маусым-шілде айларында нәтижелері жойылып, ҰБТ-ға жіберілмеген және тағы бірқатар тұлғалар үшін өткізіледі.

Осыған орай, тестілеу кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында тестілеуге «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары қатысады.

Бұл туралы ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Набиев өңірдегі мемлекеттік комиссия мүшелерімен онлайн жиын өткізіп, тестілеу кезінде қандай да бір заңбұзушылықтарға жол берілген жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.  

Атап айтсақ, 2020 жылғы 21 маусым – 1 шілде аралығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тестілеу ережелерін бұзған 86 абитуриент тестілеуден шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.

Сондай-ақ, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тест тапсырушыларды тек өз білімдеріне ғана сүйене отырып, тест тапсыруға шақырып, ал ата-аналарды тестілеу қорытындысы бойынша оң баға алу мақсатында пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік және бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.

Жалпы, Агенттік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп парасаттылық пен академиялық адалдық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Егер Сіздер тестілеу кезінде қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығына тап болсаңыздар, Агенттіктің 1424 Сall-орталығына  қоңырау шалуларыңыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив