Қазақстанда өткізілген мүліктен тыйым салуды алып тастау тәртібі өзгерді

Қазақстанда өткізілген мүліктен тыйым салуды алып тастау тәртібі өзгерді

Енді мүлікті соңғы өткізген сот орындаушы басқа сот орындаушыларының барлық тыйым салуларының күшін жояды деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің  баспасөз қызметі. 

Ағымдағы жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. 

Борышкердің мүлкіне әртүрлі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде екі және одан да көп сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін. Бұрын мұндай жағдайларда адал сатып алушы әрбір сот орындаушысына өзінің тыйым салуларын алуы үшін жүгінуге тура келетін. Кейде сот орындаушылары бас тартып, сатып алушы сотқа жүгінуге мәжбүр болатын. 

Енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес мүлікті сауда-саттықта өткізген сот орындаушысы осындай мүліктен барлық тыйым салуларды, соның ішінде басқа сот орындаушыларының тыйым салуларын да жоюға міндетті. 

Айта кету керек, тыйым салынған мүлікті сату бойынша Бірыңғай электрондық сауда алаңы арқылы https://etp.adilet.gov.kz/

2020 жылдың I жартыжылдығында 25 495 676 920 теңге сомасына 1530 лот сатылды, ал 2019 жылдың осындай кезеңінде жалпы сомасы 18 423 227 050 теңгені құрайтын  1415 лот сатылды. 

Естеріңізге сала кетейік, Заң алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң 2020 жылдың 8 шілдесінде күшіне енді.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив