Қазақстанда борышкерлер шетелге шығуға тыйым салынатыны туралы алдын ала ескертілетін болады

Қазақстанда борышкерлер шетелге шығуға тыйым салынатыны туралы алдын ала ескертілетін болады

Бұрын борышкерлер қойылған тыйымдар туралы тек ұшу кезінде ғана біліп, оларды рейстерден түсіріп алатын болса, енді оларды 5 жұмыс күні ішінде алдын ала хабардар ететін болады деп хабарлайды ҚР ӘМ баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Аталған заңмен Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның нормасына елден шығуға тыйым салу бойынша жаңа жеңілдетілген шектеу шаралары енгізілді.

Заң нормасымен берешек шегі ұлғайтылды, одан асып кеткен кезде елден шығуға уақытша шектеу қолданылады.

Бүгінгі күні шығуға тыйым салу 20 айлық есептік көрсеткіштен артық қарыз болған жағдайда қолданылса,енді бұл шек 40 АЕК-ке дейін көтерілді.

Бұдан басқа, сот орындаушысының өз қалауы бойынша әрекет ету өкілеттігін қысқарту мақсатында елден шығуға тыйым салу алдында бес жұмыс күні бұрын борышкерге хабарлау туралы норма енгізілді.

Яғни, бұрын борышкерлер қойылған тыйымдар туралы тек ұшу кезінде біліп, оларды рейстерден түсіріп алатын болса, енді алдын ала хабардар етілетін болады.

Сондай-ақ елден шығуға уақытша шектеу қою мерзімдері, тәртібі мен негіздері, оның ішінде оның күшін жою мерзімдері мен негіздері қайта қаралды.

Қазір уақытша шектеулерді сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде емес, бір күн ішінде күшін жояды.

Заң 2020 жылғы 8 маусымда күшіне енді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив