АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 21 ШІЛДЕСІНДЕ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ 2020 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 21 ШІЛДЕСІНДЕ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ 2020 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

АЛИК ШПЕКБАЕВ «ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН САПАЛЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ ҚАЖЕТТІГІ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕДІ»

"Пандемия барлық мемлекеттерді қалыптасқан бизнес-үдерістерді қайта пішімдеу арқылы нақты мәселелерді шешуге ғана емес, өзгерістерді тиімді басқаруға шындап ойлануға мәжбүр етті. Қазіргі таңда мемлекеттік басқаруды жеделдетіп цифрландыру тақырыбы өзекті болып тұр. Коронавируспен күресудің үздік тәжірибелерін талдау Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты дамыған және нақты жұмыс істейтін мемлекеттік электрондық сервистері бар елдер пандемияны тез арада тоқтата алатындығын көрсетті.

Сондықтан біз бюджет қаражатын жымқыруға жол бермей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша ден қоюымыз қажет. Осы тұрғыда қазіргі уақытта цифрлық даму мен білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты цифрландыру бойынша 2 қылмыстық істі тергеуде екенімізді мәлімдегім келеді".

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ҚҰРУДЫ ЖЕДЕЛДЕТУДІ ҰСЫНДЫ

«Сіздің назарыңызды тағы бір перспективалық бағыт– электрондық ұлттық валюта құруға аударғым келеді.

Біріншіден, бұл парақорлар үшін ыңғайлы қолма-қол ақшаны қысқартуды жеделдетеді. Екіншіден, мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражаты қозғалысының толық ашықтығын қамтамасыз етеді».

А. ШПЕКБАЕВ: ЦИФРЛАНДЫРУ-ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДЫҢ ЕҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ, ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ ТҮСІНІКТІ ТӘСІЛІ

«Ағымдағы жылдың соңына дейін Агенттіктің негізгі ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыру жұмыстары аяқталады. Бұл кадрлық қамтамасыз ету, ведомстволық статистиканы визуализациялау және коммуникациялық байланыстарды жақсарту. Бізге электрондық қылмыстық істердің мүмкіндігін барынша кеңінен пайдалану қажет. Сондай-ақ, Алматы қаласының тұтқында ұстаумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалған тұлғаларды электрондық білезіктерді пайдалану арқылы қадағалаудың тәжірибесін тарату қажет. «Цифрлық Антикор» жобасы аясында Big Data технологиясы негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтаудың алдын ала-талдамалық құралдары әзірленетін болады.

Міндеттерді дұрыс қою арқылы бізге қандай да бір салада сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде тривиалды емес шешімдерді ұсына алатын отандық ІТ-индустриясының ресурстарын барынша пайдалануымыз керек. Осыған байланысты жақын арада онлайн антикор-хакатон ұйымдастырылады (бағдарламашылар командалары арасында жемқорлыққа қарсы жасампаз және біртума ІТ-шешім әзірлеуге сайыс)".

ШПЕКБАЕВ "СК-ФАРМАЦИЯНЫҢ" ЖАҢА БАСШЫЛЫҒЫН БАРЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЖОЮҒА ШАҚЫРДЫ

"Халық коронавируспен болған жағдайдың күрделенуінің негізгі себептерінің бірі сыбайлас жемқорлық, бюрократия және жауапсыздық деп санайтыныдығына әлеуметтік желілерді мұқият қадағалайтын адамдар менімен келіседі. Бұл, әсіресе, «СҚ-Фармацияның» лауазымды тұлғаларына, медициналық сақтандыру қорына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірқатар медициналық мекемелеріне қатысты қылмыстық істер контексінде әділ баға.

Қазіргі уақытта «СҚ-Фармация» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдауды сыртқы сарапшыларды кеңінен тарта отырып, жедел жүргізу қажет. Біздің талдауымыздың сапасы осы ұйымның болашақта қаншалықты тиімді және парасатты болуына байланысты болады. Бұл шара бірыңғай дистрибьютордің жаңа басшылығын бізден кем емес қызықтырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша барлық ұсыныстарды орындайды деп үміттенемін".

АНТИКОР ТӨРАҒАСЫ: МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БЮДЖЕТТЕРДІҢ ТОЛЫҚ АШЫҚТЫҒЫ, ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ НЫҒАЮЫ

"Ставкалары бәріне белгілі пара беру жүйесі әлі өршіп тұрғандығын мойындау қиын. Тіпті осындай ел үшін қиын жаңдайда жекелеген шенеуніктер жеке қорғаныс құралдарын, дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтарды сатып алуда байып, осындай ашық қорлыққа барып отыр. Бұл мәселені ұстау және қамау арқылы ғана шешу мүмкін емес екенідігімен келісіңіз. Сондықтан бюджет қаражатын жоспарлау және игеру жүйесін түбегейлі қайта қарау орынды. Мұның шешімі ретінде мен барлық деңгейдегі бюджеттердің толық ашықтығын, сондай-ақ қоғамдық және азаматтық қадағалауды қамтамасыз етуден көремін".

ШПЕКБАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДА КЕШЕНДІ СҮЙЕМЕЛДЕУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

"Азаматтар жан-жақты бақылауды талап етеді, сондықтан біз әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде халықтың ақшасын жымқыруды уақтылы алдын алуға және тоқтатуға міндеттіміз. Мұнда тиімді алдын алу шарасы ол бағдарламаларды әзірлеу сатысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы толық аудит жүргізу. Бұл шара жымқыру мен теріс пайдалану алғышарттарын болдырмауға мүмкіндік береді. Тек осылай ғана біз мемлекеттік бағдарламаларды алдын-алу жазықтығында да, жедел-тергеу жолымен де сүйемелдеуді қамтамасыз етеміз. Мұның барлығы Мемлекет басшысының кезекті мемлекеттік бағдарламаның беделін түсірмеу туралы тапсырмасына толық сәйкес келеді".

2020 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АГЕНТТІКТІҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫНДА ЖЕДЕЛ-ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы жұмыстың негізгі бағыттары ретінде жүйелі сыбайлас жемқорлықтың, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жолын кесуді, мемлекетке келтірілген залалдың уақтылы және толық өтелуін атап өтті. Сондай-ақ, А.Шпекбаев орталық аппараттың жедел-тергеу бөлімшелері мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және сот құрылымдарының, республикалық деңгейдегі квазимемлекеттік ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғаларының арасында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейтуі тиіс екенін мәлімдеді.

«Сіздер жемқорлардың қылмыстарды жасаудың жаңа жолдарын үнемі ойлап тауып, бір орында тұрмайтынын жақсы білесіздер. Біздің міндетіміз – сыбайлас жемқорлық қылмастарын ашу мен тергеудің әлеуетін жетілдіре отырып, олардың алдын алу.

Бұл ретте азаматтардың конституциялық құқықтарын қатаң сақтауға ерекше назар аударамын. Біз азаматтардың құқықтарын қорғауға кепілдік бере отырып, қабылданатын процессуалдық шешімдердің мінсіз болуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Бұл аспектіде өз қатарымыздың тазалығы мәселесі әлі де өзекті. Антикор қызметкерінің моральдық және кәсіби бейнесі мінсіз болуға тиіс. Қоғам тарапынан сынға себеп болмауы керек», - деді Алик Шпекбаев.

А. ШПЕКБАЕВ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАҢА ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАР ТУРАЛЫ АЙТТЫ

«Бірінші жартыжылдықта біз Мемлекет басшысының қарауына сыбайлас жемқорлық деңгейін айтарлықтай төмендететін бірнеше тұжырымдамалық ұсыныстар енгіздік. Олар сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге, қоғамдық бақылау институтын құқықтық регламенттеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулерді енгізуге, сондай-ақ біздің заңнамаға параға беруге, алуға уәде/ұсынысты криминалдандыру, сыбайлас жемқорлық ұғымын жеке секторға қолдану, хабар берушілерді кешенді қорғауды құру сияқты базалық халықаралық стандарттарды имплементациялауға қатысты ұсыныстар. Халықаралық ұйымдардың ұсынымдарынан басқа біздің бастамаларымыздың негізінде құқық қолдану практикасы мен қоғамдық пікір мониторингісі жатыр».

А. ШПЕКБАЕВ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫН АТАДЫ

«Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың негізгі экономикалық факторларының бірі, әрине, экономикадағы әлі де сақталып отырған елеулі мемлекеттің үлесі болып табылады. Шенеуніктермен басқарылатын мемлекеттік кәсіпорындар ерекше тиімділікпен көзге түспейді және де сыбайлас жемқорлық мәліметіне жиі түседі.

Ағымдағы пандемиялық дағдарыс іскерлік белсенділікке қатты соққы берді, осыған байланысты оны сапалы қалпына келтіру үшін кәсіпкерлікті барынша еркіндік пен бәсекелестіктің қағидаттары негізінде мемлекеттік реттеуді ауқымды ырықтандыруға бағытталған кешенді шешімдер қажет. Бизнесті жүргізу үшін қолайлы орта құру – бұл стратегиялық міндет, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұрғысынан да дәл солай. Тиісті тұжырымдамалық шаралар 2021-2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделетін болады".

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив