ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ   ЭССЕ ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ   ӨЗ ОЙЛАРЫН БІЛДІРДІ

ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ ЭССЕ ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ӨЗ ОЙЛАРЫН БІЛДІРДІ

 

Бүгін  «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында ақпараттық ағартушылық штабтың жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел штаб мүшелерімен бірлесе карантин кезінде елорда тұрғындары арасында «Әділдік, парасаттылық, сенім» тақырыбында өткізілген эссе байқауының қорытындысын жариялады.

Байқаудың ерекшелігі барлық жас аралығының қатысуы, сондай-ақ эссе жазу арқылы қатысушылардың «жемқорлық» және «адалдық» ұғымына көзқарастарын  анықтады.

«Аталған іс-шара 1 ай көлемінде барлық әлеуметтік желілерде жарияланып, елордалықтардың тарапынан жаппай қолдауға ие болып, әр түрлі сала мамандарынан 50-ден аса жұмыстар келіп түсті. Жұмыстарды бағалаудың ең басты критерийі ойларын өз сөздерімен жеткізуінде болды. Сонымен қатар, жастар адалдық сөзін кіршіксіз, мөлдір, ал жемқорлықты індет деп көрсетсе, ал аға буын өкілдері адалдық ол ең бірінші сенімге селкеу түсірмеу, ала жіпті аттамау деп жан-жақты түсініктеме берді» - деді Сәдібек Түгел.

          Байқау қорытындысы бойынша І орынды Сейітжапарова  Күнсұлу Абсаттарқызы, Жеңісхан   Дәуіргүл  ал ІІ  орын - Шалғынбаева   Гүлназ, Сейітжаппар   Ақерке, ІІІ  орынды  Сариева  Раушан  Дауылбайқызы, Дюйсенбаева   Назгүл, ал IV орынды  Асипова   Жаннұр Валериевна өз қанжығасына байлады.  

         Қатысушылар карантин кезінде уақыттарын тиімді жұмсауға мүмкіндік берген штаб мүшелеріне ризалығын білдіріп, осындай байқауларды республикалық деңгейде өткізуге ниет білдірді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив