БРЕЙН РИНГ

БРЕЙН РИНГ

Бүгін «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында  «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында «БАСТЫ ҰСТАНЫМ – ӘДІЛДІК, ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ СЕНІМ»  атты интеллектуалды онлайн брейн ринг ойыны ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының 9 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері қатысты, сонымен қатар ұстаздар қауымы онлайн көрермен ретінде қатысып, өз білім алушыларына қолдау көрсетті.

Іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ақпараттық үгіт насихат тобының жетекшісі Сәдібек Түгел төрелік етті.

Ойынның басты ерекшелігі онлайн форматында өтуі және барлық қатысушылар ZOOM платформасы арқылы қосылып, ерекше ойынның куәсі болу мүмкіндігін иеленді.  

Брейн ринг «Таныстыру», «Кім жылдам?», «Бабалар даналығы», «Жалғасы тап», «Жеті тілдің бәрін біл», «Сөз құра» кезеңдерінен тұрды.

Сұрақтардың арасында Агенттіктің call-орталығының нөмірі, «Астана-адалдық алаңы жобасының құрылған жылы» сынды сұрақтарға мүдірместен студенттердің  дұрыс жауап беруі қуантарлық жағдай. Агенттікпен жүргізіліп жатқан жұмыстар дұрыс бағытта екендігінің тағы да бір айшықты көрінісінің бірі.

Жарыс қорытындысы бойынша «Қаржы академиясы» АҚ колледжі  І орын,  «Гуманитарлық колледж» ІІ орын, ал ІІІ орынды «Басқару колледжі», «Жоғары көлік және коммуникация колледжі», «Технологиялық колледж» және «Менеджмент және бизнес колледж» өзара бөлісті. Барлық қатысушылар серфикаттар мен дипломдармен марапатталды. 

Қатысушылар ойын соңында алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың көптеп өтуіне тілек білдірді.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив