ЕЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ  СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ  ҚР ҚПК 200 БАБЫНА СӘЙКЕС ҰСЫНЫМЫ ҚАРАЛДЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚР ҚПК 200 БАБЫНА СӘЙКЕС ҰСЫНЫМЫ ҚАРАЛДЫ

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жемқорлық қылмыстарын анықтау және жолын кесуден бөлек алдын-алу міндеттері де жүктеледі.

Осы орайда елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы Нұрлан Қыдырбаев елордалық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовтың қатысуымен ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-ші бабына сәйкес енгізілген ұсыныстар бойынша полиция департаментінің «Байқоңыр», «Есіл», «Сарыарқа» аудандық басқармаларымен кездесу өткізді.

«Байқоңыр» аудандық полиция басқармасының қызметкеріне қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

ҚР ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидасына сәйкес кезекші бөлім қызметкері электрондық бекеттік ведомость жүргізу, жауынгерлік әзірлік, заңдылықты, құпиялылық режимін сақтау, қызметтік құпияны, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау қағидаттарын сақтау қажет. 

Бірақ, сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде басқармаға келушілер туралы ақпараттырдың есеп журналына жазылмағандығы анықталды. Журналда қылмыстық процеске қатысушылар, олардың басқармаға келуі және шығуы туралы деректер толтырылмаған.

Сонымен қатар, «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасының лауазымды тұлғасына қатысты қысым көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.  

«Есіл» аудандық басқармасының аға жедел уәкілі азаматтың сауалына, алдағы іс-әрекеттеріне қатысты нақты кеңес бермеген. Осылайша қоғамның ішкі істер органдарына сенімділікті жоғалтуына байланысты «Есіл» аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілін тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен полиция департаменті басшылығына аудандық басқармалардың жеке құрамымен аталған ұсынымды қарастырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды қолдану ұсынылды.         

Кездесу соңында, Нұрлан Қыдырбаев қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін атап өтті. Сонымен қатар, ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген жаңалықтарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі бағыттар мен құндылықтарды түсіндірді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив